Verilog тілінде комбинациялық құрылғыны зерттеу

Құрметті, Достар!!! Мен сіздерге verilog программасында құрылғыны моделдеу жұмысын ұсынамын. Verilog — бұл электронды жүйелерді моделдеуді өңдеу үшін қолданатын аппаратуралық сипаттау тілі.
Төменде берілген құрылғыны моделдеу жұмысын ұсынамын.



Келесі алгоритмді жасау арқылы іске асырылады:
1. Мәтіндік редокторды ашамыз. Келесі мәтінді тереміз:
module ExclusiveXOR(x1,x2,x3,f);
input x1,x2,x3;
output f;
assign f = ( x1 & x2 )|( ~x1 & ~x2 & x3 );
endmodule


Файлды .v кеңейтілімімен сақтаймыз;
2. ModelSim-да жаңа жоба құрамыз. File->New->project. ProjectName-да атын жазамыз. ОК батырмасын басамыз.



3. 1.v файлын кіргіземіз. Add items to the Project->Add Existing File -> 1.v;



4. 1.v файлына компиляция жасаймыз. Compile ->Compile All;
5. Жұмыс үстелінде мәтіндік редокторды ашамыз. Келесі мәтінді тереміз:

force x1 2#0 0ns, 2#1 100ns;
force x2 2#0 0ns, 2#1 50ns, 2#0 100ns, 2#1 150ns;
force x3 2#0 0ns, 2#1 50ns, 2#0 100ns, 2#1 150ns;

Файлды .do кеңейтілімімен сақтаймыз;
6. Verilog-та 1.do файлды кіргіземіз. Add to Project-> Existing File ->1.do;

7. 1.do файлының оң жағын басып, execute таңдаймыз. Ол файлды орындауға жібереді;

8. Объектерді шығару үшін view ->objects;

9. Simulate -> start Simulation;

10. Сингалдарды енгіземіз: Add -> To wave ->Signals in Region;

11. Программаны орындауға жібереміз: Simulate -> Run -> Run all;



12. Тексерейік!
x1=0, x2=1, x3=1 f=0.
f = ( x1 & x2 )|( ~x1 & ~x2 & x3 )
a) x1 & x2=0 & 1 = 0;
b) ~x1=~0=1;
c) ~x2=~1=0;
d) ~x1 & ~x2 & x3 = 1 & 0 & 1 = 0;
e) ( x1 & x2 )|( ~x1 & ~x2 & x3 ) = 0 | 0 = 0;
f) f=0.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.