Ең алғашқы вирусты кім ойлап тапты?


Ең алғашқы вирустардың ешқандай зияны жоқ болатын. Олар жай ғана тәжірибе үшін жазылған бағдарламалар еді. Солардың қатарында ең алғашқы вирустардың бірі «Creeper»-де бар. Ол айтарлықтай ештеңе істемейтін, жай ғана «I’M A CREEPER: CATCH ME IF YOU CAN» деген жазуды экранға шығаратын, болды. Ал олардың таралуы тек үй желілерімен ғана шектелетін. Бұның барлығы 1971 жылы еді.

Қазіргі кезде миллиондаған вирустар бар. Олар интернет арқылы әр түрлі жолдармен тарайды — e-mail, сайттар, файлдар арқылы. Барлығы барлығымен байланысқан кезде вирустар өте тез таралады. Вирустардан қорғау — өте табысты бизнес.

Мұның барлығы ақырындап, бірақ біз ойлағаннан да ерте басталған. Алғашқы вирустар оффлайнда таралды — олар негізінен дискеталармен жұмыс жасады, ал бір дискетадан екінші дискетаға компьютерлер арқылы өтіп отырды. Сонымен, кім вирусты ойлап тапты?

Mac үшін ең алғашқы вирус жасөспірімнің әзілі ретінде жазылған, ал PC үшін алғашқы вирус қарақшылықпен күрес мақсатында жазылған.

Elk Cloner



1981 жылы Ричард Скрент 9 сынып оқушысы еді. Ол Apple II компьютерімен қаруланған ақылды бұзық оқушы болған. Ол барлығынан да құрдастарының үстінен қарақшылық компьютерлік ойындары үшін күлуді ұнататын. 2000 жылы ол интервью кезінде былай дейді:

Мен қарақшылық жолымен алынған ойындарды өзгертіп, бірнеше рет іске қосылған соң жойылып кететіндей етіп өзгертіп құрдастарыммен әзілдесетін едім. Мен ойындарды тарататынмын, ал олар ойынға кіріп кеткен соң, ойын бірден өзінен өзі жойылып бір күлкілі сөз шығаратын.

Нәтижеде Скринттің достары оны дискеттеріне жолатпайтын болды. Оған ешкім ойын беріп тұрмайтын және онымен ешкім ойнамайтын болды. Сонда да ол тыныш таппады. Ол Apple II компьютерінде ақаулықтарды табу үшін нұсқаулықтар мен құжаттарды ақтара бастады. Нәтижеде, ол дискетасыз да кодты орындау мүмкіндігін ойлап тапты.

«Мен мектеп компьютерінде жұмыс жасайтын белгілі бір із қалдыруды үйрендім. Егер компьютерге отырған адам компьютерді өз дискінен қайта қоспаған болса, оның дискісі менің кодымның әсеріне жолығатын еді.»

Ол бұл кодты ассемблерде екі аптада жазып шықты және оны Elk Cloner деп атады. Бұл вирус кейін "іске қосылу бөлімінің вирусы" деп аталды. Әлі вирус жұқтырылмаған дискті вирус бар компьютерге қосқан кезде вирус дискетаның іске қосылу бөліміне өзінің көшірмесін жазып қоятын. Сонда ол код диск салынып іске қосылғанда автоматты түрде орындалатын. Яғни вирус жұқтырылған дискті компьютерге салған адам компьютерді де зақымдайтын еді.

Вирус компьютердің жұмысына жағаласатын еді, ал программа 50-іске қосылуында экранға бүкіл бір поэма шығаратын.

Вирустың бірден емес біраз уақыттан соң іске қосылуы оның кең таралуына септігін тигізді. Эпидемия бірнеше апта жалғасқан.

Вирус Скренттің мұғалімінің компьютеріне де жетеді. Мұғалім нәтижеде оны кабинетке кірдің деп айыптайды. Вирустан Балтиморда тұратын Скренттің туыстары да зақым шегеді ал бірнеше жылдан соң ол вирустың бір теңізшінің компьютерін зақымдағанын есітеді.

Brain



IBM PC үшін алғаш таралған вирус ол Brain. Ол да іске қосылу бөлімінде орын тапқан болатын. Ол Пәкістаннан болатын ағайынды Базит және Амжад Фарук Альви деген бағдарламалаушылар тарапынан 1986 жылы жазылған. Ол кезде олардың жастары 17 және 24-те еді.

Ағайындылардың Brain Computer Services компьютер фирмасы бар болатын, және олар вирусты олардың медицинаға арналған бағдарламасының қарақшылық көшірмелерін табу мақсатында жазған. Ағайындылардың айтуы бойынша вирус ешқандай мәлімет өшірмеген және тек келесі мәтінді шығаратын:

Welcome to the Dungeon © 1986 Basit & Amjad (pvt) Ltd. BRAIN COMPUTER SERVICES 730 NIZAB BLOCK ALLAMA IQBAL TOWN LAHORE-PAKISTAN PHONE :430791,443248,280530. Beware of this VIRUS… Contact us for vaccination… $#@%$@!!

Жер асты дүниесіне қош келіпсіз… Вирустан сақтаныңыз… Емделу үшін бізбен хабарласыңыз…

Мәтіннің басында ағайындылардың шынайы телефон номерлері мен мекен-жайлары көрсетілген. Оларға біреу қоңырау шалған кезде олар қарақшылық көшірме екенін бірден біле алатын болатын. Сонымен бірге вирус көшірімдер санын да есепке алып отыратын.

Олардың бақылауы бойынша қарақшылық кең таралған екен және олардың бағдарламаларының көшірмесі өте алысқа таралған. Амжадтың айтуы бойынша алғашқы қоңырау АҚШ-тан Майами қаласынан келген.



Бұл АҚШ-тан шалынған көптеген қоңыраулардың біріншісі болатын. Ең басты себеп Brain вирусының тек бағдарламамен емес тәуелсіз дискеттермен таралуы болды. Делавер университетінде 1986 жылы осы вирустың эпидемиясы болып өтті, одан соң ол көптеген басқа жерлерде пайда болды. Вирусты жазушыларды 1988 жылы Time Magazine журналында да атап өтті.

Ағайынды Альвилар вируста жазылған телефондарын ауыстыруға тура келді. Ал бағдарламаның сатылуын 1987 жылы тоқтатты. Олардың компаниясы телекомуникациялық провайдерге өсіп — Пәкістандағы ірі провайдерге айналды. Ал оның мекен жайы әліге дейін өзгермеген.

Ал енді – Chaos

Скрента 2012 жылы
Скрента 2012 жылы

Скрента ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс істеді, ал қазір іздеу технологияларымен айналысатын Blekko компаниясының CEO-сы.

Дискеттің көптен бері жоқтығына қарамай, іске қосылу бөлігіндегі вирустар әлі де болса бар. Енді олар USB-флешкалармен жұмыс істейді. Қазіргі кезде физикалық мәлімет сақтау құралдары өте аз пайдаланылуына пайланысты, мамандардың айтуы бойынша іске қосылу вирустары жақын арада жоқ болып кетеді.

Вирустармен соғыс онлайнға өтті. Скрента The Register-ге берген интервьюінде былай дейді: «Антивирустардың осындай үлкен индустриясы барлығы, өкінішті. Қазіргі кезде бар жүйелерді тазалау үшін көпмиллиондық индустрия құрудың орнына, аса қорғалған жүйелерді жасаумен айналысу керек».

Скрента және ағайынды Альвилар вирустардың бүкіл әлемге таралуының бастамасы болғандарына кінә сезінбейді. Скрента өз блогында былай деп жазады: «Жын қалай болғанда да бөтелкеден шығатын еді, маған тек сол жынды бірінші шығарған адам болғандығым қызық».

Бұл мақала аударма. Түпнұсқа.

  • +4
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.