iOS жүйесіндегі баг: уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қою, телефонды жарамсыз күйге келтіреді

Reddit сайтында Iphone телефонын мүлдем жұмыс істемейтін күйге әкелу әдісі туралы мақала пайда болды. Егер телефондағы уақытты 1970 жылдың 1 қаңтарына қоятын болсақ, телефон мүлдем жарамсыз күйге келеді. Ескерту! Келесі әрекеттерді орындамаңыз! Қателікті келесі түрде көруге болады: 1. Баптаулар (Settings) -> Негізгі баптаулар (General) -> Уақыт баптаулары (Date && Time) 2. «Автоматты түрде» (Set Automatically)...


  • +1

Amazon жаңа Lumberyard тегін ойын жасау құралын таныстырды

9 ақпан күні Amazon өзінің Lumberyard 3D ойын жасауға арналған құралын таныстырды. Құрал толығымен тегін және кез-келген адам жүктеп ала алады. Олар жаңа құрал Amazon Web Services және видео стримингке арналған Twitch жүйелерімен толығымен интеграцияланады деп уәде беруде. Lumberyard CryEngine негізінде жазылған, ойындар C++ тілінде жазылады. Қазіргі кезде онда PC, Xbox One, PlayStation 4 үшін ойындар жазу мүмкіндігі бар, болашақта iOS және...


  • +1

Қытай инвесторлары Opera Software компаниясын $1,2 млрд-қа сатып алуда

Opera Software, осындай атпен белгілі танымал браузерді жасаушы компаниясына, қытай инвесторларынан 100% акцияларын сату туралы ұсыныс түсті. Жалпы ұсыныс бағасы — $1,2 млрд. Ұсынысты жасаған Golden Brick фонды. Осы фондқа жақында $9,3 млрд-қа сатып алынған Qihoo 360 Software компаниясы, ойын жасаушы Kunlun және Yonglian компаниясы тиесілі. Бұл ұсыныс — Opera директорлар кеңесінің "әр түрлі стратегиялық мүмкіндікдерді"...


  • +1

VS Code редакторын веб-бағдарламалау үшін қолданамыз

VS Code (Visual Studio Code) — Microsoft шығарған, салыстырмалы түрде жас, жаңа мәтіндік редактор. Ол да Atom секілді Chromium негізінде жасалған, бірақ өзіне тән көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалыға, IntelliSense. Stable vs Insiders Visual Studio редакторының екі жаңартылулар бағыты бар — stable және insiders. Біріншісінде тек тұрақты нұсқалар, екіншісі әр апта сайын жаңартылады, сондықтан да қателіктер көптеп кездеседі, бірақ...


  • +1

Google Қауіпсіз интернет күнінің құрметіне 2Гб бос орын сиға тартады

Бүкіләлемдік қауіпсіз интернет күнінің құрметіне (кеше, 8 ақпан) Google барлық пайдаланушыларға Google Drive -да 2Гб бос орын сыйға тартады. Ол сыйлықты алу үшін тек қауіпсіздік тексеруін жасасаңыз болғаны. Осындай акция өткен жылы да болған еді. Сондықтан жыл сайын осылай бос орынды 2Гб орынға үлкейтуге болады. Қауіпсіздік өте қарапайым және 5 қадамнан тұрады. Тексеру барысында телефон номері, қосымша email, қосылған...


  • +2

MaruOS жүйесі смартфоныңызды Linux десктоп жүйеге айналдырады

Заманауи смартфондар қазірдің өзінде көптеген офистік бағдарламалар, браузерлер, қосымша құралдарды іске қоса алатындай қуатты. Бірақ смартфондарға жазылатын көптеген бағдарламалар тек смартфондарда ғана қолжетімді. Егер солай болса онда смартфонға монитор мен пернетақта жалғасақ не болады? Бұл ой жаңа емес, бірақ мұндай ойды сәтті түрде іске асыру әлі ешкімнің қолынан келген жоқ. Мысалыға, Microsoft компаниясы Continuum жобасымен...


  • +2

2015 жылы компьютерлік вирустың 304 млн жаңа түрі пайда болған

Panda Security мамандарының айтуы бойынша, өткен жылы 304 млн жаңа компьютерлік вирустар жазылған. Вирусжазушылар бір жылдың ішінде осы уақытқа дейін болған әлемдегі барлық вирустың төрттен бір бөлігін (27,63%) жазып тастап, өздерінің рекордтарын жаңартып отыр. Барлығы өткен жылы Panda Security мамандары 84 млн жаңа вирустар тапты. Салыстыру үшін, 2014 жылы 75 млн вирус табылған болатын. 2015 жылғы ең кең тараған вирустық...


  • +2

Oracle браузерлер үшін арналған Java-қосымшасын қолдауды тоқтатады

Oracle компаниясы Java SE бағдарламасының браузерлік қосымшасын қолдауды, жазуды және пайдаланушыға жеткізуді тоқтатады. Oracle JDK 9 (2017 жылдың 23 наурызында шығатын) нұсқадан бастап қосымша ескірген технологиялар қатарына өткізіледі және одан кейінгі JDK/JRE құрамынан өшірілетін болады. Компания бағдарламалаушыларға Java апплеттерді браузерде тікелей емес Java Web Start арқылы пайдалануға кеңес беріп жатыр. Ол технология апплеттерді іске...


  • +2

Microsoft табысы 15%-ға құлады

Microsoft компаниясының тоқсандық табысы 15%-ға құлады. Бірақ бұл көрсеткіш Уолл-стрит болжамынан жоғары болып шықты. Сондықтан да 28 қаңтар күнгі қосымша сауда кезінде компания акциясы 3%-ға қымбаттаған. 2016 қаржы жылының екінші тоқсанының нәтижесі бойынша (жай календарь бойынша 2015 жылдың төртінші тоқсаны) Microsoft компаниясының таза табысы %5 млрд болды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 15% кем ($5.86 млрд). Microsoft...


  • +2