2015 жылы компьютерлік вирустың 304 млн жаңа түрі пайда болған
- qwerty
- Ақпараттық қауіпсіздік / 1 ақпан 2016, 14:26
- 1205
Panda Security мамандарының айтуы бойынша, өткен жылы 304 млн жаңа компьютерлік вирустар жазылған. Вирусжазушылар бір жылдың ішінде осы уақытқа дейін болған әлемдегі барлық вирустың төрттен бір бөлігін (27,63%) жазып тастап, өздерінің рекордтарын жаңартып отыр.
Барлығы өткен жылы Panda Security мамандары 84 млн жаңа вирустар тапты. Салыстыру үшін, 2014 жылы 75 млн вирус табылған болатын.
2015 жылғы ең кең тараған вирустық бағдарлама троян болып шықты (барлық вирустардың 52%), қарапайым вирустар (23%) және құрттар (черви, 13%). Жаңадан пайда болған вирус түрлері 11%-дай және шпиондық бағдарламалар 2%. Кибершабуылдарда көбінесе CryptoLocker бағдарламасы пайдаланылған.
Компьютерлері ең комп зақымданған ел тағы да Қытай болып шықты. Елдегі 57% компьютерлер зақымдалған. Одан кейінгілер Тайвань (49%), Турция (43%), Колумбия (33%), Уругвай (33%) және Испания (32%).
Мамандар ірі компанияларға инвестицияны зақымдаушы вирустарды табуға көмектесетін жобаларға жіберу керек деп есептейді. Интернет пайдаланушылар саны артқан сайын пайыздар көтеріле беретіндігі түсінікті.
-
+2