IT-жаңалықтар

20 оқырман, 61 жазба
0.00

Қазақстандағы және шетелдегі IT тақырыбындағы жаңалықтар

Жасалған уақыты
24 қазан 2014
Жазба
61
Жазылған адам саны
20
Рейтингі
0.00
Администраторлар (1):
avatar @kamyrov

Модераторлар (0):
Модераторлар бұл жерде көрінбейді

LG ең бірінші мобильді процессорды ұсынды

LG Electronics (LG) компаниясы эксплуатациялық сипаты мен төмен энергия жұмсалатыны үшін, сегізядролық құрылым және LTE-A Cat-6 желілік сүйенішімен өзгешеленетін мобильді телефондар үшін өздерінің бірінші процессорын ұсынды. Арнайы кәріс базарлары үшін әзірленген NUCLUN атанған жаңа процессор өткен аптада G3 Screen смартфонында алғаш рет сынға түседі. NUCLUN процессоры (айтылуы «Ну-клун») ARM big.LITTLE технологиясы негізінде әзірленген...


  • +9

Мюнхен Linux-тан бас тартып Windows-қа қайтудың шығынын жариялады

Мюнхен қаласы осыдан он жыл бұрын, қала әкімшілігі бөлімдерінде Linux операциялық жүйесіне көшу туралы шешім қабылдған еді. Ол шешім бойынша арнайы жоба дайындалып өту процессі он жыл бойы жалғасты. Алғашында бұл жаңалық linux қауымдастығында көп қызығушылық тудырды. Дегенмен енді он жылдан соң қалаға жаңа сайланған мэр, Windows-қа қайта оралу туралы шешім қабылдап, Мюнхенді көптеген адамдардың қайта еске алуына себепші болып жатыр....


  • +7

“Nokia” телефондары енді болмайды...

Microsoft “Microsoft Mobile” фин компаниясының еншілес кәсіпорны шығарған смартфондарға арналған “Nokia” тауар белгісін енді пайдаланбайды. “Microsoft Mobile” компаниясы 2014 жылы американдық софтвердің “Nokia” алыпының мобилді телефондар бөлімін иемденгеннен кейін құрылды. Кезіндегі ең ірі мобильді “Nokia” компаниясы смартфондар дәуірі басталғаннан кейін нарықтағы позициясын күрт жоғалта бастады. 2011 ж басында компания...


  • +7

DNR-ді PS сатып алды

Ия білемін, ақпарат кішкене ескіріп қалды, сонда да білмегендерге жаңалық болсын. Өткен аптада, дәлірек айтсақ 21 қазанда PS интернет компаниясы DNR ( «Skilltex» ЖШС) хостинг провайдерімен және тіркеушісімен қосылатынын хабарлады, бұл жағдай PS өкілдерінің айтуы бойынша, хостингтік қызметтердің нарығында компанияның өз позицияларының бекіте түседі. «Біз әрқашан DNR дің дамуын қызығушылықпен бақылап отырдық және осы мықты ойыншының 8 жылдық...


  • +6

IT Crowd. Бағдарламашылардың ашық конференциясы

IT Crowd бірінші конференциясы 31 қазанда сағат 18:00 басталады. КІРУ ТЕГІН Басталуы: 18:00 Спикер: Армен Маркосян Тақырыбы: Почему и как я стал фрилансером? 18:30 Спикер: Хамид Умаров Тақырыбы: SEO оптимизация на этапе проектирования и реализации 19:00 Спикер: Данияр Супиев Тақырыбы: Метапрограммирование 19:30 Спикер: Дастан Ташимбетов Тақырыбы: Потенциал казахоязычной...


  • +5

Интернетке 45 жыл

Бүгін интернеттің пайда болғанына 45 жыл толды. Дұрыстап айтқанда 45 жыл алдын осы күні, бір-бірінен 640 км қашықтықта орналасқан (Лос-Анджелестегі Калифорния университеті мен Стэнфорд зерттеу институты арасында) екі компьютер арасында алғаш рет байланыс орнатылған. Байланыс сеансы 1969 жылы 29 қазан сағат 21:00-де орнатылған. Сеанс кезінде байланысты орнатушылар «LOG» деген үш символ жібере алды, одан соң байланыс үзілген....


  • +5

Facebook интернет жеткізуге арналған дрондарды Ұлыбританияда сәтті сынақтан өткізді

Әлеуметтік желі планетаның шеткі бөліктеріне интернетті қолжетімді ету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. Facebook басшысы Марк Цукерберг күн энергиясымен жұмыс жасайтын дрондардың Ұлыбританияда сәтті сынақтан өткізілгенін хабарлады. Интернетті қолжетімді ету үшін дрондар лазерлік сәулені пайдаланады. «Бүкіл әлемді интернетке қосу бойынша Internet.org жобасының аясында біз ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасап шығардық. Олар...


  • +4

Amazon бұлттық шексіз сақтау орнын таныстырды

Amazon қымбат бизнес әлемінен қарапайым қолданымдық сақтау орындарына да өтті. Жаңа Amazon Cloud Drive көпшіліктің көңілінен шығатыны сөзсіз. Тарифтік жоспарлардың екі түрі бар: жылына $11,99 төлеп шексіз сурет сақтауға болады немесе жылына $59,99 төлеп кез-келген мәліметті (файлдар) сақтай аласыз және мұнда да орынға ешқандай шектеулер жоқ. Екі тарифтік жоспарларға да үш айлық триал уақыт бар. Бағдарламада қазірден қосымша және онлайн...


  • +4

14 ақпан - компьютерщиктер күні!!!

Салем досым!!! Бүгін қандай мереке тойлап жатырсың? Бүгін компьютерщиктер күні екенін білесің ба? Яғни, біздің мейрам. 14 ақпан — ресми емес мейрам. Бұл күні алғаш рет шынайы жұмыс жасайтын ENIAC I (Electrical Numerical Integrator And Calculator) компьютері жұртшылыққа таныстырылған болатын. Оның құрастырылуы америка әскерилері қаржылық көмек көрсеткен, ол негізінен есептеулер жүргізуге, жобалауға және бағдарламалауға...


  • +4

Microsoft .NET-ті кросс-платформалыққа көшіреді және оның қайнар кодын ашады, осыған орай Visual Studio 2015, .NET 2015 және Visual Studio Online-ның мүмкіндіктерін кеңейтеді

Нью-Йорк, 12 қараша 2014 жыл. Сәрсенбі күні Microsoft корпорациясы кросс-платформалы, ашық кодты бағдарламалаушылардың тәжірибесіне сүйенуін күшейтті десек те болады. Олар .NET-тің толық серверлік стегін және кеңейтіліп жатқан .NET-ті Linux және Mac OS амалдық жүйелерінде қосу үшін кодтарын ашуға бел буып отыр. Сонымен қатар Microsoft Visual Studio-ның негізгі қажетті құралдарын өзінде біріктіретін Visual Studio-ның жаңа тегін нұсқасы Visual...


  • +4