Amazon бұлттық шексіз сақтау орнын таныстырды

Amazon қымбат бизнес әлемінен қарапайым қолданымдық сақтау орындарына да өтті. Жаңа Amazon Cloud Drive көпшіліктің көңілінен шығатыны сөзсіз. Тарифтік жоспарлардың екі түрі бар: жылына $11,99 төлеп шексіз сурет сақтауға болады немесе жылына $59,99 төлеп кез-келген мәліметті (файлдар) сақтай аласыз және мұнда да орынға ешқандай шектеулер жоқ. Екі тарифтік жоспарларға да үш айлық триал уақыт бар.

Бағдарламада қазірден қосымша және онлайн бағдарламалар үшін API бар. Пайдаланушылардың қазіргі пікірлеріне қарағанда десктоп нұсқада синхронизация жағынан шектеулер бар.



Тағы да Kindle пайдаланушылары үшін бір нюанс байқалады. Алдындары email-мен жіберілген кітаптар, тегін бұлтқа жіберілетін еді, ескі бірақ тегін, ешқандай ақша төлеудің қажеті жоқ. Ал енді Kindle пайдаланушыларының ақша төлеуіне тура келетін сияқты, өйткені ескі бұлт та Amazon Cloud Drive-қа ауыстырылған көрінеді (логин мен парольдер екеуіне бірдей).

Бірнеше ай бұрын гугл Nearline деп аталатын жаңа жобаның іске қосылғанын жариялаған болатын. Ол мәліметтерді сақтауға арналған профессионалдық деңгейдегі шешім болды және Amazon-ның осындай сервисін бірнеше есе асып озған болатын.

Осылай, Amazon гуглдың жоғарыдағы айтылған әрекетіне осылай жауап беріп жатқан көрінеді. Яғни, гугл бизнес жағына өткен кезде Amazon қарапайым қолданыстық нарыққа өтіп жатыр.

  • +4
4 пікір
erzhanova_nazym
Керемет жазылған!
kilyzaman
Амазон амалдық жүйе ме өзі? Әлде қателесемін бе?
amantai
Жоқ, ол интернет арқылы тауар сататын ең ірі сервистердің бірі. Сонымен бірге хостинг және бұлттық технологиялар қызметтерін ұсынады. ru.wikipedia.org/wiki/Amazon.com
szx
шексіз дегеннен өз басым аулак журем
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.