Microsoft .NET-ті кросс-платформалыққа көшіреді және оның қайнар кодын ашады, осыған орай Visual Studio 2015, .NET 2015 және Visual Studio Online-ның мүмкіндіктерін кеңейтеді
- kamyrov
- IT-жаңалықтар / 13 қараша 2014, 11:25
- 2768
Нью-Йорк, 12 қараша 2014 жыл. Сәрсенбі күні Microsoft корпорациясы кросс-платформалы, ашық кодты бағдарламалаушылардың тәжірибесіне сүйенуін күшейтті десек те болады. Олар .NET-тің толық серверлік стегін және кеңейтіліп жатқан .NET-ті Linux және Mac OS амалдық жүйелерінде қосу үшін кодтарын ашуға бел буып отыр. Сонымен қатар Microsoft Visual Studio-ның негізгі қажетті құралдарын өзінде біріктіретін Visual Studio-ның жаңа тегін нұсқасы Visual Studio Community 2013 жарыққа шығарды. Анонстары Visual Studio 2015 Preview және .NET 2015 Preview таныстырылған Microsoft’s Connect(); шарасында басталған еді.
Ашық, қолжетімді және кросс-платформалы
Сөзден іске көшу үшін Microsoft корпорациясы бағдарламалаушыларға Windows, Mac немесе Linux арқылы қосымшаларды жасау үшін .NET-тің толық серверлік стегінің қайнар кодын, соның ішінде ASP.NET, .NET компиляторы, .NET-тің негізгі Runtime-ы, шекаралар мен кітапғаналарды ашады. Microsoft осыны жүзеге асыру арқылы Open Source және .NET Foundation қауымдастығымен .NET-тің әрі қарай дамуы үшін тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Visual Studio әр бағдармалаушыға
Кешегі сәрсенбіден бастап Visual Studio Community 2013 тегін, және ол Visual Studio-ның барлық мүмкіндіктері мен кеңейтілімдерін сақтайтын толықфункционалды басылымы болып табылады. Community нұсқасы бағдарламалаушыларға кез-келген платформаларға (мобильді және десктопты құрылғылар, веб және бұлтты технологиялар) бағытталған nonenterprise қосымшаларың жасауға арналған Visual Studio-нің барлық құралдарымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламалаушылар Visual Studio Community 2013-пен жұмысты мына жерден бастаса болады.
Visual Studio 2015 және .NET 2015: кез-келген құрылғыларға жасау
Басынан бастап IOS, Android және Windows-ті қолдайтын Visual Studio 2015 Preview бағдарламалаушыларға кез-келген құрылғыға және платформаға қосымшалар мен сервистерді жасауды жеңілдетеді.
.NET арқылы кросс-платформалы бағдарламалауды әрі қарай дамыту және қолдау үшін Microsoft компаниясы көп жұмыстарды істеуде және жоспарлада. Мысалға Xamarin компаниясымен бірігіп жылдың аяғында (анонсы өтіп кеткен) Xamarin Starter Edition-ды жарыққа шығарады. Одан басқа, Microsoft мобильді құрылғыға негізделген бұлтты технологияларды жақсы көретін веб-бағдарламалаушыларға Apache Cordova құралдарның финалды нұсқасын жасады. Бағдарламаушылар Visual Studio 2015 Preview-мен жұмысты мына жерден бастаса болады.
Бұлттар үшін жасау
Сонымен қатар, осы сәрсенбіде Microsoft бұлттар мен серверлік қосымшаларға арналған ASP.NET 5.0-тің алдынала көруіне анонс жасады. Одан басқа, Visual Studio 2015-нің жаңа Connected Services менеджері бизнеспен жұмыс жасауға арналған API-лармен, нақты айтсақ Office 365 API and SalesForce-пен байланысуды әлдеқайда жеңілдетеді.
Дереккөзі: http://news.microsoft.com/2014/11/12/microsoft-takes-net-open-source-and-cross-platform-adds-new-development-capabilities-with-visual-studio-2015-net-2015-and-visual-studio-online/
Шын айтсам, Microsoft корпорациясының жанашыры қатарына өзімді қоспаймын, бірақ мына жаңалықтар сіздерге қызық болады деген оймен бөліскім келді. Негізі бұл бағытты Мicrosoft бұдан ертерек алған болса, қазіргі нарықта көптеген гиганттар таяқ жеп кететін еді. Microsoft мені таң қалдырды)), бұл қадамдары біраз нәрсені өзгертейін деп тұр.
Ал сіздер бұл жаңалықты қалай қабылдадыңыздар?
Бүгінгі миллиардтаған құрылғылардан тұратын нарықта, бағдарламалаушыларға әртүрлі форм-факторларға және платформаларға арналған құралдар қажеттілі бар. Visual Studio және .NET арқылы, біз бағдарламалаушыларға бірнеше құрылғылар мен платформаларда жасалатын және басқарылатын комплексті шешімді ұсынамыз— деп Microsoft корпорациясы, Бағдарламалаушылар бөлімінің корпоративтік вице-президенті, С. Сомасегар сөз айтты.
Ашық, қолжетімді және кросс-платформалы
Сөзден іске көшу үшін Microsoft корпорациясы бағдарламалаушыларға Windows, Mac немесе Linux арқылы қосымшаларды жасау үшін .NET-тің толық серверлік стегінің қайнар кодын, соның ішінде ASP.NET, .NET компиляторы, .NET-тің негізгі Runtime-ы, шекаралар мен кітапғаналарды ашады. Microsoft осыны жүзеге асыру арқылы Open Source және .NET Foundation қауымдастығымен .NET-тің әрі қарай дамуы үшін тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Мықты, қайнар коды ашық, кросс-платформалы CLR сервер негізіндегі күрделі жүйелерді құрастыруға айтарлықтай жаңа мүмкіндіктерді ашады— Groupon-ның технология бойынша директоры, Брайан Маккаллистер.
Visual Studio әр бағдармалаушыға
Кешегі сәрсенбіден бастап Visual Studio Community 2013 тегін, және ол Visual Studio-ның барлық мүмкіндіктері мен кеңейтілімдерін сақтайтын толықфункционалды басылымы болып табылады. Community нұсқасы бағдарламалаушыларға кез-келген платформаларға (мобильді және десктопты құрылғылар, веб және бұлтты технологиялар) бағытталған nonenterprise қосымшаларың жасауға арналған Visual Studio-нің барлық құралдарымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламалаушылар Visual Studio Community 2013-пен жұмысты мына жерден бастаса болады.
Visual Studio 2015 және .NET 2015: кез-келген құрылғыларға жасау
Басынан бастап IOS, Android және Windows-ті қолдайтын Visual Studio 2015 Preview бағдарламалаушыларға кез-келген құрылғыға және платформаға қосымшалар мен сервистерді жасауды жеңілдетеді.
.NET арқылы кросс-платформалы бағдарламалауды әрі қарай дамыту және қолдау үшін Microsoft компаниясы көп жұмыстарды істеуде және жоспарлада. Мысалға Xamarin компаниясымен бірігіп жылдың аяғында (анонсы өтіп кеткен) Xamarin Starter Edition-ды жарыққа шығарады. Одан басқа, Microsoft мобильді құрылғыға негізделген бұлтты технологияларды жақсы көретін веб-бағдарламалаушыларға Apache Cordova құралдарның финалды нұсқасын жасады. Бағдарламаушылар Visual Studio 2015 Preview-мен жұмысты мына жерден бастаса болады.
Бұлттар үшін жасау
Сонымен қатар, осы сәрсенбіде Microsoft бұлттар мен серверлік қосымшаларға арналған ASP.NET 5.0-тің алдынала көруіне анонс жасады. Одан басқа, Visual Studio 2015-нің жаңа Connected Services менеджері бизнеспен жұмыс жасауға арналған API-лармен, нақты айтсақ Office 365 API and SalesForce-пен байланысуды әлдеқайда жеңілдетеді.
Дереккөзі: http://news.microsoft.com/2014/11/12/microsoft-takes-net-open-source-and-cross-platform-adds-new-development-capabilities-with-visual-studio-2015-net-2015-and-visual-studio-online/
Шын айтсам, Microsoft корпорациясының жанашыры қатарына өзімді қоспаймын, бірақ мына жаңалықтар сіздерге қызық болады деген оймен бөліскім келді. Негізі бұл бағытты Мicrosoft бұдан ертерек алған болса, қазіргі нарықта көптеген гиганттар таяқ жеп кететін еді. Microsoft мені таң қалдырды)), бұл қадамдары біраз нәрсені өзгертейін деп тұр.
Ал сіздер бұл жаңалықты қалай қабылдадыңыздар?
-
+4
Көптеген форктар пайда болып, linux-та .NET-те жазылған бағдарламалар пайда бола бастайды және Microsoft ешкімді сотқа бермейді ))
мәселе лицензияда бұл жерде деп ойлаймын.
мен мысалыға apache сияқты жобаларды айтып отырмын, apache, spring, hadoop