Жаңа жылдық пост немесе Google Chrome-ға қосымша жазамыз

Апамыз мінген поезд Астанаға келуіне екі сағат қалды, тез-тез пост жазып тастайық

Гугл хромға қосымша жазу қаншалық оңай екенін білесіз бе? JavaScript білсеңіз, гуглдың нұсқаулықтарын оқып шығып бір күнде жасауға болады. Ал мен рекорд орнаттым, 10 минуттың ішінде қосымша жаздым :). Ал енді бұл жер өтірік болып кетті, шынына келгенде мен басқа бір қосымшаны алдым да аз уақытта бір екі қатарды өзгертіп қана қойдым. Codeo-да бір жаңа жылға арналған мақала болсын деп.

Сонымен, не істейміз? Интернетті шарлап жүріп мына бір қосымшаға жолығып қалдым. Ол бетті ашқан кезде ондағы суреттердің бәрін Игор Николаев деген адамның суреттеріне ауыстырады екен (неге екенін білмедім). О! деген ой келді басқа бірден, біз барлық суреттерді шыршалар мен аяз аталарға ауыстырамыз.

Тез арада оның кодын github.com/drugoi/iNikolayev тауып алдым да, гит арқылы клондап, (мына постты қарап қойыңыз) кодтарды өзгерте салдым. Мұндағы ең басты файл ол manifest.json. Ол қосымша туралы негізгі деректерді анықтайды (нұсқасы, аты және т.б). Біз оны өзімізге сәйкес былай өзгерте саламыз.


{
	"background": {
		"scripts": ["src/bg.js"]
	},
	"content_security_policy": "script-src 'self' https://ssl.google-analytics.com; object-src 'self'",
	"content_scripts": [{
		"js": ["src/main.js"],
		"matches": ["http://*/*", "https://*/*"]
	}],
	"default_locale": "ru",
	"description": "__MSG_appDesc__",
	"icons": {
		"128": "src/logo128.png",
		"16": "src/logo16.png"
	},
	"manifest_version": 2,
	"name": "__MSG_appName__",
	"options_page": "src/options/options.html",
	"permissions": ["storage", "tabs", "contextMenus"],
	"short_name": "__MSG_appName__",
	"update_url": "https://clients2.google.com/service/update2/crx",
	"version": "1.1.3"
}


Енді келесі істейтін нәрселеріміз ол, суреттердің адрестерін ауыстыру, ана адамның суреттерінің орнына өзіміздің суреттерді қойымуыз керек. Ішін сәл ғана ақтарған кезде inikolayev.js файлының ішінде суреттердің адрестерін тауып аламыз да, оның орнын тазалап тастап өзіміздің суреттерді қоямыз:


newYearImgs: [
        'http://goo.gl/a9tRd5',
        'http://goo.gl/IOE10n',
        'http://goo.gl/GkjZZT',
        'http://goo.gl/zsVInu',
        'http://goo.gl/vmWqFe',
        'http://goo.gl/8qGx8n',
        'http://goo.gl/Z1ZlwV',
        'http://goo.gl/W0ryyp',
        'http://goo.gl/ZXTT7L',
        'http://goo.gl/kDGqCA',
        'http://goo.gl/rDGAT2',
        'http://goo.gl/KVF4dt',
        'http://goo.gl/YZtVFu',
        'http://goo.gl/NbdpX1',
        'http://goo.gl/tLS1y2',
        'http://goo.gl/487Uhg',
        'http://goo.gl/77k3Ba',
        'http://goo.gl/ITGOhL',
        'http://goo.gl/jnrPtu',
        'http://goo.gl/n01ZfP',
        'http://goo.gl/KGK2d7',
        'http://goo.gl/UYtkQm',
        'http://goo.gl/KaHv9o'
      ]


Адрестер тым ұзын болмас үшін гугл шортенерді қолдандым.

Енді, қосымша өзіміздің жеке жұмысымыз сияқты барлық файлдар мен папкалардың аттарын өзіміздікіне сәйкес өзгертіп тастаймыз. Негізі бар істелетін жұмыс осы. Мен тағыда гугл аналитикске қосылатын және басқа да керек емес скрипттарды алып тастадым.

Соның нәтижесінде алатынымыз:






Уау барлық жерде шыршалар. Жаңа жылдарыңызбен!!! Енді келесі жылы кездескенше. 10 минутта жазылған мақаланы қатты сынға алмаңыздар :-)

P.S. арнайы Абылайдың фанаттарына арналған қосымша: ))





  • +2
3 пікір
Abylai_adil
:v :v :v
жақсы жақсы
Жаңа жылға арналған посттар көп болса екен :)
Ия ия, мен де жазамын :)
kamyrov
Аааа, Абылайлар бүкіл жер шарын қаптап кетті))
kamyrov
Постта көрсетілген сілтемеге кірсем, Қайрат Нұртастың приложениесі бар екен)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.