Шұғыл жаңалықтар. Digitalocean Қазақстанда істемейді(25 Қарашаға дейін).
- Khan
- JavaScript / 25 қараша 2017, 03:32
- 3005
Бір апта бұрын digitaloceanға кірейін деп, кіре алмай қалғанмын. Сосын маңызды болмаған соң мән бермей жүре бердім. Бірақ блогымның хостингін төлеу үшін кіруге тұра келіп тұрған соң, шұқылай бастадым.Консольді аштым, түк түсінбедім де, паниковать етіп, поддержкаға жаздым. Олар енді белгілі басқа браузерда аш деген хат жіберді. Айтқанындай Firefox та ашсам, ашылмайды. Сотка арқылы кірсем де, сайттың бір де бір тэгін көре алмадым. Сөйтіп не керек өзім dev tools аштым да, network панельін зерттей бастадым. Ол жерде енді осындай ошибка тұр.
Provisional headers are shown — деген қатені бұрын кездестіргенмін. Ол қатенің шығу себептері көп. Және ол қате шыққанда сіздің клиентік requestiңіз серверге жетпей өліп қалады. Яғни серверде ешқандай лог таба алмайсыз. Біріншіден мұндай қате шыққанда, расширениялардың кесірінен запрос жіберілмеу мүмкін деген теория бар. Оны тексеру үшін браузерді инкогнито режимінде ашып сайтты тексеруге болады. Менде солай істедім. Жауап отрицательный.
Одан емес. Екінші ол мүмкін кэштен деген ықтималдылығы төмен теорияны тексеру керек болды. Ол да жалған болып шықты. Үшінші тексеріс енді same origin policy ережесіне қатысы бар ма? жоқ па деген ойлар пайда бола бастады. Яғни сіз ашқан сайттан тыс басқа протокол, домен, портқа запрос жіберсеңіз сізге cors қатесі келу керек. Бұл да шынайы себеп болу мүмкін емес еді. Себебі оның кесірі бүкіл қолданушылардың аккаунтарына әсер ету керек еді, яғни digitalocean маған бірінші хатында-ақ кешірім сұрап, жақында түзейміз деген уәде жазу керек болатұғын. Бірақ олар себебін білмейтіндігін нақты түрде жеткізді.
Солай telegramда pro.js чатына кіріп кеттім. Онда менің көмек қолын сұрағанымды көріп, біреу cdn-ді тексер деді. Сөйтіп мен fastly.net сайтын тексердім, нәтежие — ол істеп тұр. Яғни логикаға сүйінсек ол да қатенің себекері еместігін дәлелдейді. Бірақ мен онымен тоқтаған жоқпын. Қазақстанда қара тізімге ілінген сайттарды қай жерден тексеруге болатынын іздеп таптым. Және ол маған мұндай жауап берді. Нәтижені көрген кезде мен таң қалдым. Себебі бұл қате кем дегенде бір аптадай шешілмей тұрған. Сонда Қазақстаннан ешкім digitaloceanға ол жайлы хабар бермеген ба? Әлде мен ошибканы дұрыс оқымадым ба? — деген сенімсіздік болды.
P.S. mic.gov.kz/ru/complain закладкаға қоюға кеңес беремін.
Бірнеше күн өткен соң. Ол блокталды деген жай қате екен. Бірақ digitalocean бәрібір істемейді tele2, altel абоненттерінде.

-
+1
енді vpn-мен отырмыз