Toyota адамның эмоциясын сезетін автокөлік жасады


Токиода Әйгілі Toyota компаниясы өзінің кезекті инновациясын паш етті. Олардың еңбектері былай: Жүргізуші көлікті қалай жүргізеді, қандай сөздер айтады, жүргізушінің көңіл-күйі қалай осының бәрін біліп отырады. Әзірге бұл жәй концепция.
Toyota FV2 жоғырыда айтылған дүниелерді орындап қана қоймай, жүргізушімен сөйлеседі, оның көңіл күйіне қарай кузов түсін өзгертеді.
FV2 жобасының тағы бір ерекшелігі бұл көлікте руль болмайды. Барлық қозғалыс жүргізушінің "қимылына" байланысты.
Және бұл көлікте алдыңғы әйнегінде (лобовой) жолдағы жағдайлар туралы ақпарат шығады, және жүргізушіні сергектікке шақырып отырады.Тағы қоса кететіні бұл көлік «сутегімен» жүреді.
Қазіргі таңдағы ақылды фондармен планшеттер қатарына енді көліктерде біртендеп қосыла бермек.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.