Microsoft өзінің Шайендегі мәлімет-орталығы жел энергиясын пайдалануға ауысатынын хабарлады
Қазіргі кезде көптеген телекоммуникациялық компаниялар альтернативті энергия көздерін пайдалануға әрекет жасауда. Бұл жолы Microsoft өзінің Шайендегі (АҚШ, Вайоминг штаты) мәлімет-орталығын желэлектростанциясынан алынатын энергияны пайдалануға ауыстыруға шешім қабылдады.
Bloom Wind компаниясымен келісімшарттар жасалынып қойылған. Келісімшарт бойынша компания 178 МВт энергия қамтамасыз ете алатын станция құруға міндеттеледі. Осыған ұқсас келісімшарттар Silver Sage және Happy Jack компанияларымен де жасалған. Олар 59 МВт энергияны қамтамасыз етулері керек.
Әрине, Microsoft үшін бұл алғашқы қадам емес. Мысалы, компания қазірдің өзінде Иллинойс пен Техастағы жел станцияларын пайдаланады. Олар компанияға 75 МВт және 100 МВт энергия жеткізіп береді. Жалпы Microsoft жылына 0,5 ГВт энергияны жел станцияларынан алады.
2018 жылы Microsoft 50% энергияны қайта алынатын қайнар көздерден алмақшы. Ал келесі онжылдықта ол көрсеткішті 60% көтеру көзделуде. Қазірдің өзінде көрсеткіштер жаман емес — 44% энергия. Ал жақында компания қарапайым суыту жүйелерінен бас тартуға әрекет жасап көрді. Ол үшін серверлар арнайы бокстарда су астына түсірілді.
Microsoft-тан басқа эел энергиясын басқа да компаниялар пайдаланады. Мысалы, 2015 жылы Amazon компанияның ширек энергиясы — «жасыл» энергия екенін айтқан болатын. Осы жылдың соңына дейін ол көрсеткіш 40%-ға дейін көтерілмек.
Өзінің жаңа үш мәлімет-орталықтары үшін де Amazon желстанцияларын соғып жатыр. Қуаттылығы 820 000 МВт*сағ. Бұл Огайо штатындағы мәлімет-орталықтарын қамтамасыз етуге жетеді.
Дереккөз.
-
0