жастық шақ және интернет


Мақала осындағы программистер мен оқырмандарға шабыт берсін деп, автордың рұхсатынсыз болса да, келу қайнарын ескертіп осында алып келдім.

(Мақаладағы кей сөздерге түсінік: тор, торап -> интернет. Торхана, Торапхана -> интернтклуб.)

— мен тұңғыш рет 2004-жылы Javascript тілі арқылы әріп сәйкестіргішті алғаш рет жасап шыққанымда алақайлап қуандым. Кішкентәй программаны басқаларға еліктеп жасағаныма емес, крилше жазуындағы көптеген қазақша материялды торап арқылы аударып көре алатын болғаныма қуандым. Тұңғыш рет өзі жасаған тостағанмен Айран ішкелі отырған баладай Масайрағаным есімде. Ол кездегі әріп сәйкестіргішім тек бір әріпті және бір әріпке алмастыратын өте қарабайыр құрал еді. Мақаланы сәйкестіріп болғаннан кейін тәптіштей отырып бір рет озгертіп шығуға тура келетін.
Ол кезде ел қатарлы студент едім. Көбінде тәңертең екі-ақ сағат сабақ оқитынбыз. Содан кейін қалтада тыйн-тебен болса мектептің Торханасында, ал болмаса Кітапханадан табылатынмын. Мен адамның жан дүниесінде бір түрлі пәк қуаныш болатынын күні бойы Кітапханада отырып шаршап шыққанда сезінетін едім. Сонда кей жігіт достарымыз Жатақхана бинасының қақпасында тосып тұратын.
-ұйықтап келе жатсың ба?
-жоқ, Кітапханадан жаңа шықтым,
-дейтінмін қызарыңқы көзімді уқалап.
-бүйте берсең кітап соғады сені.
– Олар ыржалақтай мазақтайтын.
-соғатын кітап соғып болған шығар.
-енді кемі мынау саған, -жігіттердің бірі екі қолынан көз әйнек жасап көрсететін.
-жүр, кеттік, ойнап келейік, қыздар дайын, ақша да іздеп әуре болма... -тек ұл жетіспей тұр. Бес қыз екі ұл ғанамыз. – Деп бір жеңімнен тарта сөйлейтін.
Біздің мектепте қыздардың саны ұлдардың үш есесіне барабар келеді. Ал мына жігіттер менің сабақтастарым еді, шеттерінен сері, Қайраулы пышақтай, сайлаулы садақтай дейтіндей. Ал мен тартына бастайтынмын. Әрине, ойнап келген қандай жақсы, бірақ қалтасы тақыр, қарны аш адамды қай бір даңғаза қызықтыра қояр, Торханаға кіре алмай жүргенде, Тойханада нем бар деп, сылтауратып құтылатынмын. Сәйкестіргішіммен мыжымалап көптеген мақалалар аударып оқып жүрдім, өзім торап бекетін құрып соған өзіме ұнаған мақалаларды шығарып та жүрдім. Түсте тамақ ішпей-ақ түске дейін Торханада отырайын ба деген ойға дейін апаратын қызығушылық менің жан дүниемді тұңғиық нұрға шомдырғандай болды.
Сол шақта Торхана мен Кітапхананың маған сыйлағаны айтақалсын мол еді. Бірақ көп адамдардың аузынан торап дегеніміз жалғаса болды компьютерді уиросқа толтыратын, кірсе болды адамды жәрімеске айналдыратын құбыжықтай айтылып жатты. Әуелі кей ата-аналар балаларына Торапхана мен Шарапхананың маңына жоламауды ескертетіні де рас.
Сосын Торапханада отырып «Мектепке дейінгі педагогика туралы» және «Тораптасқан қоғамнан тоқымдай орын шықпай қалып жүрмесін» деген мақалалар жазып шинжяң газетынен жариялап та жүрдім. Ол кезде біздің ауылда бәнке, қыстақта телефон болмайтын. Қалтамдағы ең соңғы жапырақты Торханаға беріп, тамақ кәртөшкәсіндағы ең соңғы сифырға тамақ алып жеп және де әдебиет, өлең, ғылым-техника туралы қиялдайтынмын. Оралханша ой кешіп, меңтәйға ғашық болған кездер еді-ау... Бірақ қиял тамақ болама, сондай кезде әлде бір себеппен құдыретті күшті алла және де бейуаз құлын аш қалдырмайтын, не шинжяң газетынен қаламақы келе қалатын, жүзқанша юань, оңай емес, бірер аптаға жететін... Не мектеп кәртөшкаға сифыр құятын... Әсіресе, мектеп студенттык жәрдем соманы кәртөшкаға құйғанда мереке сияқты боп кетуші еді мектеп маңы... Жақсы көретін қыздарды тамаққа ұсыныс етіп, әуелі балмұздақ алып берер едік...
Біркүні мен орнымнан атып тұрдым да, Торханаға келіп, ойыма түскен тәжірибені жасай бастадым. Әдемі деген сөзді сәйкестіргенде «Әдемі» емес, «Әдемі» болуы керек. Демек фрограмма арқылы дәйекшені алып тастаймыз. Міне енді оңай, Әдемім деген сөз автоматты түрде дәйекшесіз болады. Солайша алғаш рет сәйкестіргіштегі дәйекше мәселесін шеше бастадым. Ресми түрде жіңіңшке буынды сөздерге к, г, е сияқты әріптер келгенде дәйекше келмейтін сөздік қор жасай бастадым. Бұл әрине, аз жұмыс емес, бұл тақырыпқа берілгенім соншалық, қызығып жүрген қызымды басқалар ертіп бара жатқанда да бүйрегім бүлк етпей Торханаға жүгіретін болдым. Екі айдан кейін еңбегім еш кетпегенін аңдадым. Бұрынғыдай емес, аса қолайлы, кінөпкәні бір басам, төте жазуға емлесі недәуір жоғары дәлдікпен аударылған мақаланы оқып шығам да Төрбекетіме жолдап қоямын. Енді ойлаймын сол ынта-пейіліммен кіріскен зердемнің шашылмауына үйімнің кедейлігінің көп пайдасы тиді ме екен деп. Торханада отыратын бірер сағат үшін әжептауір жоспар жасап алатынмын. Ал ақшасы таусылған компьютер автоматты жабылған заман Кітапханаға кіремін. Және де мақала жазу керек, Торханаға кіріп тұратындай қаламақы алу керек болатын.
Мектеп бітіретін жылдары мен «Ауқатты» студентке айнала бастадым, дисертетисиә жазу деген кәсіппен ресми шұғылдандым. Өзгертуге қолайлы болу үшін Торханада тіке теріп шығаратынмын. Бұл мұғалым шимайлап тастаған мақаланы ту басынан қайта жазудан көп оңайға соғатын, ал мақалаға қажетті қайнарға торап пен Кітапхана барда еш қиналған емеспін.
Түменге жуық ақша жинап университетден қоғамға аттадым, әрине, бұл студент үшін аз ақша емес, шинжяң халық радио станциясында практикада болдым, артынан Телевизияға жұмысқа шақыртты. Бірақ өзіме тән компьютер алып, пәтер жалдай бастағаным үшін үйден қаражат сұрамадым. Төрт баласын қатар оқытып жауыр болған әкемнің «Сонша оқытқанда әлі жарымай жүрсің бе? » деп налуынан алаңдайтын едім.
Мен шинжяң Телевизиәсі көркемөнер бөлімінде дайындаушы режиссер, филм құрастырушы және мақала жазушы, кейде сахна жобалаушы болып істедім. Алғаш теле арнаға келгенде мен филм құрастыратын ешқандай жұмсақ бөлшекті істетуді білмейтінмін. Күнді-түнге жалғап тораптан сабақ түсіру басталды. Темекінің ысын қанша жек көрсемде Торапханада таң атқанша отыру әдетіме айналды, түнде жүремін деп неше рет тоналып қала жаздаған, Торапханада отырғанда жаман телефонымды ұрлатып алған кездерім болды. Бірнеше айдан соң, көптеген филм жасайтын жұмсақ бөлшектерді игеріп, бөлімде техник ретінде көзге түсе бастадым. Кейде бастықтар неше күн ұйқы-күлкі көрмей жасап әкелген филмды жаратпай тастаған кезде, шешемнің: «Балам, қалада қиналып қайтесің, ауылға келіп мұғалым болсаң қандай жақсы, пәленбайдың баласын қарашы... » деп бастап ала жөнелетін ақылы есіме түсе берер еді.
Ал мен Телевизиәдә тек ұсыныс етілген қызметкер ғана болатынмын, практиканттан біразғана жоғары дәреже. Ал айлығымыз 600 юан. Кейіндеп Үрімжіның ортасына етім үйрене бастағанда, мынадай бір әңгімені көне журналдан оқыдым. Екі жапондық жігіт Төкиө қаласына келіпті. Дәл мен сияқты чемоданын көтеріп, арып-ашып, мың бір машахаттар көріп жеткен пақырлар, шыжыған ыстықта құжынаған базардан тынығатын орын таппай сандалса керек. Мұндайда бірер кило күріштің өзін көтеріп жүру қандай қиын. Сөйтіп келе жатқанда алдарынан елге су құйып беріп жатқан біреу кезігеді. Екі жігіттің біреуі тостағанын ұсынып су сұрамай ма, анау болса суды сатып беретінін айтады. Сонда әлгі тостағанын созған жігітіміз қатты ашуланып: «Жүр, қайтайық ауылға, судың өзін сатып беретін төкиөң құрып қалсын! »-депті, ал жанындағы жігіт көз жайнап: «Сен қате ойладың, қарашы, мұнда судың өзін сатып күнелтуге болады екен емес пе?... » деген екен, ақыры екеуі келіспей екі айырылып кетіпті. Сол кезде төкиөдә қалған жігіт қазіргі жапонияның семөнт саласының шонжарына айналыпты...
Мен шонжарға айнала алмасамда Үрімжіде қалуға, болмағанда бірер жыл жүріп өзімді сынауға Бекідім. Теле арнада істей жүріп, жанашырларымның көмегімен шағын компьютерде қызмет өтейтін дүкен аштым. Кейіндеп теле арнаның теле мен әдебиетке еш қатыссыз сұрақтарға толы Емтиханынан өтпедім де, жеке саудамен ресми шұғылданып кеттім.
Бірақ осы бір қиын шақтарда қиналып жүріп құрған торап бекетімді жауып тастайтындай қаншама соққыларға жолықтым. Компьютерде хат теріп қызмет істейтін дүкеніміз дамып, білім іздеген жастардың үйренетін ортасына айналып кетті. Кейіндеп бөлек отау тігіп, тұран компьютерге тәрбиелеу орталығын құрдым. Содан бастап компьютер техникасын жүйелі түрден үйрене бастадым, үйрете бастадым. Бірер жылдан кейін қуаты аса жоғары c# программалық тіл жүйесіне қызыға бастадым. Бұған қызықтырған да сол әріп сәйкестіргішті кемелдендірсем деген ішкі талпыныстың арқасы болатын. Әріп сәйкестіргіш тағы бір өреге дамыды, бұрынғы ішкі құпиялығын мүлде сақтауға келмейтін Javascript тілінен, ішкі қатпары аса күрделі, әрі торапта да, жеке компьютерде де жұмыс жасай алатын. Net тік өреге қарай беталды.
2009-жылы сәйкестіргішке ұйғырша мақаланы қазақшаға тіке аударатын иқуат қосудың қызығында жүрдім. Интернет тоқтаған бір жыл мен үшін өте қиын болды. Бір жылда бірер мың юанның кітабын алудай өз өмірімдегі рэкордты жараттым. Менің сол барыста байқағаным білім іздеген жан үшін интернет алыстауға келмейтін өзен сияқты маңызды орынға өткен екен. Мен сол шақтарда Торханаларда темекісін бұрқыратып тек электронды ойыншық ойнаумен ғана бүкіл жастығын, жанарының отын расуа қылатын жастарға таң қалатын едім. Мен сол шақтарда C# туралы қытайша кітаптардың өзі санаулы ғана екенін, ал өз ағаларымның бұның атын естіп көрмегенін біліп қапаланатын едім.
Міне бүгін 2012-жылы 2-айдың 22-күні, содан бері бірқанша жыл өтседе білімім мардымсыз ғана молайды. Математиканың түптеп келгенде әдебиет үшін қызмет ететінін сезіне бастадым. Бұрынғы сияқты сөздік қормен емес, арфимэтикалық жолмен емлені аса дұрс әрі тез аударатын сәйкестіргішті сәтті жасадым. Бұрынғыдан тұп-тура 10 есе кішкене программа, 10 еседен де тез. Емлелік дәлдігі де 99 прөтсент.
Бұл менің өзіме тән әріп сәйкестіргішін жасап шығу барысым. Түк те қызығарлық емес екенін білген шығарсыз. Бірақ мен осы барыста өзімше көптеген жайлардан ой түйгендей болдым.
Google торабына үнемі шығып тұратын шығарсыз. Сонда 64 тілді бір-біріне мақала ретінде аудара алатын құрал тұр. Бұл құрал менің шолақ ойымша адамзаттың ақыл-ойының бір жауһары. Күніне неше миллион адам осы құрал арқылы зәруін шешіп жатыр. Ал ұйғыршаны қазақшаға мақала күйінде аудару бұдан көп оңай еді. Үйткені екі ұлттың грамматикасы қарайлас. Мен бұдан бүкіл түркі тілдерін техника арқылы бір арнаға түсіруге болатынын, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ торап бекетін құру, Кітапханалық қор құру тынбай құлшынған адам үшін реәлдыққа асатын болмыс екенін бағамдадым. Үйткені тілдің төркіні бір, грамматикалық жүйесі, синтаксисі ұқсас немесе қарайлас. Ендеше неге бір арнаға түсіруге болмасқа.
Екінші түйгенім, біздің жастар торапты ақыл емес, сезім үшін көбірек істетеді.
-сонда бұл жасағаныңыз не құрал болды?
-крилишені төте жазуға сәйкестіретін, ұйғырша мақалаларды мақала күйінде қазақшаға аударатын құрал,-мен киюкю арқылы өзімді сұраққа ала бастаған бауырларыма осылай жауап беруге мәжбүр болатынмын.
-түсінбедім, крилише деген қандай жазу?
-Қазақыстанда қолданылатын славиян жазуы.
-сонда оны аударып не қыламыз?
-жақсы мақалаларды оқимыз...
-е, құдай-ай... Мақала оқып көрмеппін...
Күні бойы торап арқылы білім іздеп жүр деген іні – Қарындастардың сөз әуені осылай болушы еді. Кейіндеп крилише кітаптарды іскәннерлеу арқылы өзіміздің төте жазудағы електөрнді нұсқаға айналдыратын және бір тілмен айтқанда Word да тіке редаксиялауға келетін әрі 70-80 пайыздық емлелік дәлдікке жеткізетін құрал жасап алып, торап бекетіме ылғи да қазақ классиктерінің құнды шығармаларын шығарып жүрдім. Әр шығарманы торға шығарған сайын өзімді нұрлы дүниеге бастаған, санама сәуле түсірген ұлы тұлғалардың шығармаларына ыждағатпен, махаббатпен емлелік дұрстау жүргізіп барып, торапқа жолдайтынмын. Әр шығарманы торға шығарған сайын кеудемді қуаныш кернейтін. Бірақ кейіндеп бүкіл қазақ торап бекеттерін бақылау арқылы қайдағы бір жеңіл сөз, өсек-аяңның көрілімі неше он мыңға жетіп, ең құнды деген шығармалардың көрілімі он неше адамнан аспай қалғанын аңғарғанда көңілім пәс тартып, бүкіл еңбегім зая кеткендей, болмас іске әуреленіп жүрген қиялсоқ жандай қиналысқа түскен едім.
Егер анау күні бойы қымбат телефонымен електөрнді ойыншық ойнаған бала менің тілімді алар болса, егер мынау қаншама телефон хатын жолдасада тұрақты жігіт таба алмай жүрген қарындас менің мұңымды түсінетін болса, егер торапты тек қыздарды алдаудың, қызық қуудың құралы ғана пайдаланатын інішегім менің ойыма ортақтаса алатын болса, жастықтың өте аяулы сәт екенін, жарық еткен жасындай ханзаданың да, ханышаның да басына өте шығарын, компьютер де, интернет те бір құрал ғана екенін, ұстай білгеннің қолында, ұстай білмегеннің төбесінде ойнайтын қазақтың қамшысы сияқты құдырет-күші барлығын айтар едім. Айтар едім кәсіп жоқ емес, зерттелмей жатқан білім, қазылмай жатқан қазына барлығын. Мен интернетті білімнің дариясына ұқсатамын, ал соның жағасында қаншама адамдар шөлден өлгелі отыр. Әсіресе менің бауырластарым!
киюкю(QQ) сияқты жылтылдақтарды сөндіріп тастап, үнсіз отырып, тораптағы материялдарды көріңізші, телефонды жауып тастап күніне бір сағат кітап оқыңыз, ауық-ауық оңаша қалып ойланып көріңізші, алла сонда сізге өз нығыметін сыйлайтын болады. Америка ғалымдары «Қазір америка жастары ойсыз қоғамға беталып барады» деп ойланбай қақсап жатқан жоқ. Бізде бір өткір қанжар ұстаған бала сияқтымыз, интернет арқылы өз санамызды жаралап алмай тұрып, соны дұрс пайдаланудың жолын игеруіміз керек.
Жапониядағы 80 пайыз жәсөспірімде жанар оты азаию мәселесі жүз беріп отыр. Кеше ғана 23 сағат Торханада отырып бақиға аттанған жас жігіттің хабары саналы жұртқа ой салса, енді сол атсыз ауыру, «Жүректен кіріп бойды алатын» дерт енді біздің жастарға қатер төндіруде.
Осылайша менің интернеттегі өмірім өз сүрдегімен жылжып келеді. Мен әдебиетті, қазақ әдебиетін жанымдай сүйемін, арымдай қорғағым келеді. Бұл ұлттың болымысы, ал қазақ әдебиетінің орны биіктеуі үшін, қазақ тілінің құзыр жалпақ жаһанға жетуі үшін қазақ ғылм-техникасы дамуы керек екен. Міне қазір ағылшын тілін үйренуге мәжбүр болып отырмын. Әрине, үйренетін нәрсе таппай екі қолым бос қалғаннан емес, шарасыздықтан. Осы күнді келер ұрпақ кешпесе екен деп тілеймін.

Ықылас Оразбайұлы

Мақаланың келу қайнары: KWABOL
: suhbat.kazakhsoft.com/Read.aspx?tid=5894&ln=kz

-------------------------------------------------------------------------------------------------

  • +3
1 пікір
Khan
Қызық мақала. Жақында менен 15 жасар бала мені интернеттен тауып алып, rest авторизация қалай жасалады? деп сұраған. 16 толғанда жұмысқа тұра алам ба? деп сұрап, мені таң қалдырды.

НЕГЕ жиналып, мектептегі оқушыларға тегін бағдарламалау тілдерін үйретпеске. Егер маған мектепке келіп үйретсе мен қазір шалқып жүрер едім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.