Жалпы ережелер


Келесі түрдегі мақалалар жазуға жол берілмейді:

  1. Саяси тақырыптағы мақалалар жазу. Біз барлығымыз еліміз үшін қайғырамыз, саяси жағдайды бақылаймыз, бірақ codeo ол үшін құрылмаған. Ондай тақырыптарды жазу үшін басқа ресурстарға барыңыз.

  2. Діни мәселелердегі мақалалар жазу. Егер тек қана бағдарламалау тілін дін ретінде қабылдағыңыз келмесе мұндай тақырыпты бұл жерде көтерудің қажеті жоқ.

  3. Тауарларды немесе өнімдерді жарнамалау мақсатындағы мақалалар. Егер көздеген мақсатыңыз тек ақша мен коммерция болса, сіз бізге жағаласудан басқа ештеңе тындырмайсыз. Одан да теңдесі жоқ тәжірибелеріңізбен бөлісіңіз.

  4. Сапасы өте төмен мақалалар. Біздің мақсатымыз сапалы мақалалар: қатесіз, мазмұнды, құнды, түсінікті. Егер де осы жақтарынан қиындықтар туса бірінші бізге хабарласыңыз, көмектесуге әрекет жасаймыз. Бірақ, оңды солды қарамай сапасыз мақала жазу рұқсат етілмейді.



Келесі түрдегі пікірлер жазуға жол берілмейді:

  1. Мақалаға қатысы жоқ пікір жазу.

  2. Балағат сөздер қолданылған пікірлер.


Сайттан мақала көшірілген жағдайда codeo.kz сайтына және мақалаға сілтеме көрсетілуі қажет.

Бірінші кезекте мақалаларыңызға деген сынауларға шыдамды болуларыңызды сұраймыз. Жеке мүдде мен аразданушылық мақалаларды/пікірлерді бағалауға кедергі келтірмеуі қажет. Бағаны тек контентке ғана беріңіз, адамға емес.

Егер де белгілі бір пайдаланушыға немесе мақалаға (авторлық құқық) шағымдарыңыз болса бізге хат жолдаңыз [email protected] .