Бағдарламалау тілдері тарихы: Delphi - жай бағдарламалау тілі ғана емес
Delphi дегенде бірінші кезекте Borland фирмасы жасаған Object Pascal тілінің негізінде бағдарламалар жазатын орта елестейді. Ол тіл Turbo Pascal тілінің мұрагері, ал Turbo Pascal болса 1970 жылы Никлаус Вирт шығарған Pascal тілінен бастау алады.
Уақыт өте келе 2002 жылы Borland компаниясының бағдарламалаушылары Delphi және Object Pascal арасында толыққанды теңдік орнатты.
Бастапқы Pascal, оны жасаушылардың ойы бойынша әлемдегі ең жылдам компиляторға ие болды. Сонымен бірге, алғаш рет платформадан тәуелсіз бағдарламалар жазу негізі қаланған болатын (ол принцип кейіннен java тілінде кеңінен қолданылды).
Бірақ оның IDE-сі тек DOS операциялық жүйелерінде ғана жұмыс жасай алатын еді.
Windows пайда болған соң бұл жүйеге де бағдарлама жазуға мүмкіндік беретін орта жасау қажеттігі туды. 80-ші және 90 жылдардың басында ең кең тараған құрал Borland жасаған IDE Turbo Pascal және соның компиляторы болатын. Кіріктірілген компилятор жылдам компиляция мен кодтың жоғары сапасын қамтамасыз етті (Turbo деген жалғау осыдан). Turbo Pascal дебаг жасау мүмкіндіктерін де берді, басқа да пайдалы құралдарға бай болды. Бұлардың барлығы белгілі бір уақытқа дейін Turbo Pascal құралының Pascal тілінің стандартына айналуына мүмкіндік берді.
Windows жүйесінде графикалық интерфейс жылдам дами бастады, ал IDE Turbo Pascal бастапқыдағыдай DOS типтес интерфейсте жұмыс жасайтын. Ақыры Microsoft бағдарламалаудың «визуализация» жағына назар аудару керектігін түсінді.
Қарапайым бағдарлама жазу үшін, бағдарламалаушылар бірнеше бет код жазуларына тура келетін еді: меню және терезелерге арналған қыруар код, жадты тазалап отыру, «батырмаларды» салу және т.б. Бірақ, Windows графикалық интерфейсінің артықшылығы көп, сондықтан операциялық жүйенің дамуын жалғастыру қажеттігі туындады. Microsoft қалай да болса бағдарламалаушылардың өмірін жеңілдету қажеттігін түсінетін. Сондықтан, 90-шы жылдары компания Windows жүйесіне бағдарламалар жазуға мүмкіндік беретін орталарды жасауға бірнеше параллель жобаны іске қосты. Бірінші нәтиже Visual Basic.
Pascal тілінің бұл бағыттағы мүмкіндіктері анау айтарлықтай көп болмады. Borland компаниясы оны заман талабына сай өзгерте бастады, бірақ тез арада өзгертулер мен толықтырулар көп болғаны соншалық жұмыстың нәтижесі жаңа бағдарламалау тілі болатыны түсінікті болды. Сол жаңа тіл үшін арнайы графикалық интерфейсі бар IDE жасалды. Жаңа бағдарламалау ортасы және жаңа тіл ортақ Delphi атауын алды.
«Delphi атауы ой-талқы кезінде Денни Торп тарапынан ұсынылды. Деректер қорымен жұмыс жасаудағы басқаларда жоқ мүмкіндіктер өнімнің атауында да көрініп тұруын қаладық және Delphi осы саладағы ірі ойыншы Oracle-мен жақсы үйлеседі. Ең болмағанда „Дельфиц Оракула“ тіркесі таныс адамдар үшін»,- Delphi бағдарламалаушыларының бірі Чак Язджевский.
Ресейде Borland Delphi 1993 жылдың соңында пайда болды және бірден көпшілікке тарап кетті.
Бірінші нұсқа 16 разрядты Win16 платформасында бағдарламалауға арналды. Екінші нұсқадан бастап 32 разрядты Win32 үшін компиляция жасау мүмкіндігі пайда болды.
Үшінші нұсқада мәліметтерге көпбуынды (multi-tiered) қол жеткізу мүмкіндігі пайда болып өз кезігінде масштабталатын бағдарламалар жазуға мүмкіндік берді.
Алтыншы нұсқамен бірге тіл және кітапханалар жағынан сәйкес Kylix ортасы да шықты. Ол бағдарламаларды Linux операциялық жүйесіне компиляция жасауға мүмкіндік беретін еді.
Сегізінші нұсқа .NET үшін байт код генерация жасай алады. Мультитілді бағдарлама (.NET платформасы үшін) жазуға бағытталған алғашқы орта. Келесі нұсқаларда Win32 үшін де .NET үшін де бағдарлама жазу мүмкіндігін берді.
Delphi 2006-да .NET платформасы үшін стандарт кітапханаларды пайдалану мүмкіндігі қосылды. .NET бағдарламаларын C# тілінде Win32 бағдарламаларын C++ тілінде жазу мүмкіндігі, ECO (Enterprise Core Objects) 3.0 нұсқасы көмегімен MDA (Model Driven Architecture) технологиясы да қосылған.
Delphi-де бағдармалау процессі барынша оңайлатылды. Бірінші кезекте ол интерфейс құруға арналған. Керекті компоненттерді ұстап алып Windows терезесіне қойып, керекті баптауларды түзеу жеткілікті (Object Inspector). Бұл құралмен компоненттер оқиғаларын өңдейтін кодпен байланыстыруға болатын болды. Бағдарламалаушы дебаг жасауға қолайлы құралға ие болды, сонымен бірге контексттік көмек жазбаларын да көре алатын еді.
Delphi-дің жаңа нұсқасы жыл сайын шығатын, бірақ бесінші нұсқадан кейін бір нәрсе болғандай болды… Кейінірек Delphi-мен қатар Linux жүйесіне арналған Kylix ортасы жазылып жатқаны белгілі болды. Delphi C# тіліне өте үлкен ықпал көрсетті. C# тілінің көптеген концепциялары осы тілден алынған. Оның басты бір себебі Delphi-дің жетекші бағдарламалаушысы Андрес Хейлсбергтің Borland Ltd компаниясынан Microsoft Corp ауысуы деп есептеледі.
2006 жылы Borland компаниясы JBuilder, Delphi және C++ Builder орталарын қолдауды (дамытуды) тоқтатуға шешім қабылдады. Компанияның IDE-секторын сату жобалап та қойылған еді. Еркін бағдарлама жақтастары Borland компаниясынан орталардың құқығын сатып алу үшін ақша жинай бастады, бірақ компания сол жылдың қараша айында IDE бизнесті сатудан бас тартты.
Осыдан кейін IDE өнімдерді дамытумен — толығымен қаржылық түрде Borland компаниясына тәуелді CodeGear компаниясы айналыса бастады.
2007 жылдың наурыз айында CodeGear дельфи пайдаланушыларын Win32-ге арналған Delphi 2007 жаңартуларын және жаңа Delphi 2007 PHP бағдарламасын шығарып қуантып тастады.
2008 жылы 25 тамызда Embarcadero компаниясы (CodeGear-дің жаңа иесі) Delphi for Win32 2009 туралы пресс-релиз жасады. Бұл нұсқада тіл деңгейінде келесі жаңалықтар пайда болды:
Delphi XE2 (2011 год) нұсқада Win64 үшін компилятор және Apple операциялық жүйелері үшін (MaxOS X, iOS) кросс-компиляция мүмкіндігі қосылды.
2013 жылы шыққан Delphi XE5 нұсқасы ARM/Android құрылғылары үшін компиляция мүмкіндігін қосты.
Кейбір кездерде Delphi-ді өлді деп жариялап әрі қарай бұлай жұмыс жасау мүмкін емес деп айқайлап жатады. Айқайлаушылар оны заман талабына жауап бермейді, ыңғайлы емес және тағы басқа аргументтермен бірге қоса айтады.
Бірақ, мұндай пікірлердің көбісі тек АҚШ және Батыс Еуропада кездеседі. Олай болуының өз себебі бар шығар, бірақ, керісінше ТМД елдерінде және Шығыс Еуропада жағдай мүлдем басқаша болуы мүмкін.
Pascal тілінің кең тараған еркін реализациясы Free Pascal. Кодының ашықтығымен қоса оның мынадай артықшылықтары бар: мультиплатформалы және әр түрлі диалекттерді қолдайды.
FreePascal негізінде Lazarus IDE ортасы жазылған. Ол Delphi жобаларын ашуға мүмкіндік береді.
Бір жағынан Delphi даму барысында шынымен де қолдануға және бағдарламалауды оқытуға ыңғайсыз бола бастады. Сонымен бірге, Delphi-ді акалемиялық мақсатта пайдалану мүмкіндігі жоқ. Осындай мәселелер білім беру саласындағы Delphi-дің өз орнын жоғалтуына алып келді.
Бұл мақала аударма

Бастау

Уақыт талғауы

Жаңа бағдарламалау тілі ежелгі грек қаласы Дельфы құрметіне аталған. Атау жай таңдалған жоқ: Дельфы қаласы даналық құдайының аты және өнер қамқоршысы Аполлонмен байланысқан. Аңыз бойынша Аполлонның басты ғибадатханасы сол қалада орналасқан. Оның абыз-сивиллалары өзінің тағдырын білгісі келгендерді кекетіп-мұқатқан.
«Delphi атауы ой-талқы кезінде Денни Торп тарапынан ұсынылды. Деректер қорымен жұмыс жасаудағы басқаларда жоқ мүмкіндіктер өнімнің атауында да көрініп тұруын қаладық және Delphi осы саладағы ірі ойыншы Oracle-мен жақсы үйлеседі. Ең болмағанда „Дельфиц Оракула“ тіркесі таныс адамдар үшін»,- Delphi бағдарламалаушыларының бірі Чак Язджевский.
Ресейде Borland Delphi 1993 жылдың соңында пайда болды және бірден көпшілікке тарап кетті.
Маңызды нұсқалар
Бірінші нұсқа 16 разрядты Win16 платформасында бағдарламалауға арналды. Екінші нұсқадан бастап 32 разрядты Win32 үшін компиляция жасау мүмкіндігі пайда болды.
Үшінші нұсқада мәліметтерге көпбуынды (multi-tiered) қол жеткізу мүмкіндігі пайда болып өз кезігінде масштабталатын бағдарламалар жазуға мүмкіндік берді.
Алтыншы нұсқамен бірге тіл және кітапханалар жағынан сәйкес Kylix ортасы да шықты. Ол бағдарламаларды Linux операциялық жүйесіне компиляция жасауға мүмкіндік беретін еді.
Сегізінші нұсқа .NET үшін байт код генерация жасай алады. Мультитілді бағдарлама (.NET платформасы үшін) жазуға бағытталған алғашқы орта. Келесі нұсқаларда Win32 үшін де .NET үшін де бағдарлама жазу мүмкіндігін берді.
Delphi 2006-да .NET платформасы үшін стандарт кітапханаларды пайдалану мүмкіндігі қосылды. .NET бағдарламаларын C# тілінде Win32 бағдарламаларын C++ тілінде жазу мүмкіндігі, ECO (Enterprise Core Objects) 3.0 нұсқасы көмегімен MDA (Model Driven Architecture) технологиясы да қосылған.
Қандай мақсат көзделді?
Delphi-де бағдармалау процессі барынша оңайлатылды. Бірінші кезекте ол интерфейс құруға арналған. Керекті компоненттерді ұстап алып Windows терезесіне қойып, керекті баптауларды түзеу жеткілікті (Object Inspector). Бұл құралмен компоненттер оқиғаларын өңдейтін кодпен байланыстыруға болатын болды. Бағдарламалаушы дебаг жасауға қолайлы құралға ие болды, сонымен бірге контексттік көмек жазбаларын да көре алатын еді.
Өзгерістер
Delphi-дің жаңа нұсқасы жыл сайын шығатын, бірақ бесінші нұсқадан кейін бір нәрсе болғандай болды… Кейінірек Delphi-мен қатар Linux жүйесіне арналған Kylix ортасы жазылып жатқаны белгілі болды. Delphi C# тіліне өте үлкен ықпал көрсетті. C# тілінің көптеген концепциялары осы тілден алынған. Оның басты бір себебі Delphi-дің жетекші бағдарламалаушысы Андрес Хейлсбергтің Borland Ltd компаниясынан Microsoft Corp ауысуы деп есептеледі.
2006 жылы Borland компаниясы JBuilder, Delphi және C++ Builder орталарын қолдауды (дамытуды) тоқтатуға шешім қабылдады. Компанияның IDE-секторын сату жобалап та қойылған еді. Еркін бағдарлама жақтастары Borland компаниясынан орталардың құқығын сатып алу үшін ақша жинай бастады, бірақ компания сол жылдың қараша айында IDE бизнесті сатудан бас тартты.
Осыдан кейін IDE өнімдерді дамытумен — толығымен қаржылық түрде Borland компаниясына тәуелді CodeGear компаниясы айналыса бастады.
2007 жылдың наурыз айында CodeGear дельфи пайдаланушыларын Win32-ге арналған Delphi 2007 жаңартуларын және жаңа Delphi 2007 PHP бағдарламасын шығарып қуантып тастады.
2008 жылы 25 тамызда Embarcadero компаниясы (CodeGear-дің жаңа иесі) Delphi for Win32 2009 туралы пресс-релиз жасады. Бұл нұсқада тіл деңгейінде келесі жаңалықтар пайда болды:
- Тілдің барлық бөлімінде юникодтың толық қолдауға ие болуы;
- Windows API шақыруларының бәрінің юникод аналогтарына ауыстырылуы;
- Generics типтер;
- Анонимді методтар;
- Компилятордың $POINTERMATH [ON|OFF] жаңа директивасы.
Delphi XE2 (2011 год) нұсқада Win64 үшін компилятор және Apple операциялық жүйелері үшін (MaxOS X, iOS) кросс-компиляция мүмкіндігі қосылды.
2013 жылы шыққан Delphi XE5 нұсқасы ARM/Android құрылғылары үшін компиляция мүмкіндігін қосты.
Не тірі емес, не өлі емес
Кейбір кездерде Delphi-ді өлді деп жариялап әрі қарай бұлай жұмыс жасау мүмкін емес деп айқайлап жатады. Айқайлаушылар оны заман талабына жауап бермейді, ыңғайлы емес және тағы басқа аргументтермен бірге қоса айтады.
Бірақ, мұндай пікірлердің көбісі тек АҚШ және Батыс Еуропада кездеседі. Олай болуының өз себебі бар шығар, бірақ, керісінше ТМД елдерінде және Шығыс Еуропада жағдай мүлдем басқаша болуы мүмкін.
Open Source әлеміндегі жаңа кейіпкер

-
0