Жоба туралы


Codeo бірінші кезекте қазақ тілді it саласын дамытуға арналған жоба. Жоба толығымен Codeo™ командасының энтузиазмы нәтижесі. Коммерциялық немесе мемлекеттік жобаларға қатысы жоқ.


Жобаның негізгі мақсаттары:

  1. Қазақ тіліндегі сапалы ресурстарды көбейту.

  2. Қазақ тілді IT терминдерін қалыптастыру және оларды күнделікті қолданысқа енгізу.

  3. Білікті IT мамандарының қауымдастығын қалыптастыру



Жоба бойынша бірінші болып қолға алынған жұмыс ол codeo.kz сайты. Сайт қазақ тіліндегі сапалы мақалалар мен аудармалар жариялауға арналған. Оған қоса қосымша әлеуметтік желілердегі арнайы парақшаларда қазақ тіліндегі жаңалықтар жарияланып тұрады. Яғни, codeo.kz орталық ресурс. Команданың барлық жасап жатқан іс-шаралары мен жаңалықтарын осы сайттан таба аласыздар.