"Болашақ" қазірден басталып жатыр
- coderman
- Блог- coderman / 27 ақпан 2014, 18:20
- 1244
Ғалымдар айналадағы өлі-тірі нәрселерді адамның қатысуынсыз айыра алатын жаңа алгоритм ойлап тапты. Бұл құрылғылар бұрыннан бері бар, әйтседе нәрсені 99% дәл табатын алгоритм жоқ еді.Онымен қоса ескі алгоритмдер қандайда бір деңгейде адамның қатысуын талап ететін, ал жаңа алгоритм адамның қатысуынсыз өзі жұмыс істейді.
Прогресс бір орында тұрмайдығой, Brigham Young университетінің ғалымдары жаңа алгоритмді жазып шықты.
Бұл жүйенің ерекшелігі, ол өзі адамның қатысуынсыз жұмыс жасап, жаңа дүниелерді өзі үйреніп отырады. Алгоритм орнатылған құрылғыға айтарлықтай баптауларда қажет емес. Операторда жүйеге бір заттың екінші заттан айырмашылығын сипаттап отырмайды. Жүйенің өзі бұл істі атқарады. Тек қана жүйеге бірнеше топты суреттерді енгізсе болғаны, мысалы көлік, адам, ағаш, ұшақ, жануарлар, қару т.с.с. Сонан соң жүйенің өзі бұлардың айрмашылығын тауып, жаңаларын суретке түсіріп, есте сақтап отырады.
Көп жағдайда адамдар өздері қандай нәрсеге көңіл аудару керек екенін жазып, баптаулар енгізіп отырады. Ал біздің жүйемізде бұлардың барлығын алгоритмнің өзі жасайды, біз тек суреттерді енгізіп отырамыз, және компьютердің өзі автофокусты қайда бағыттау керек екенін біледі— дейді Brigham Young университетінің профессоры доктор Ли (Dr. Dah-Jye Lee).
Ғалымдардың айтуынша ескі алгоритм 95-98% дәл тапса жаңасы 99.4% дәл табады екен.
-
+1