WhatsApp мессенджерінде "сөйлесу" функциясы пайда болмақ
- coderman
- Блог- coderman / 26 ақпан 2014, 20:14
- 1546
Қазіргі таңда WhatsApp мессенджерін білмейтін жоқ шығар сірә. Жақында ғана Facebook WhatsApp компаниясын 19 миллиард долларға сатып алған болатын. Дыбысты байланыс функциясы осы жылдың 2 кварталында енгізіледі деп күтілуде. Бұл туралы TechCrunch хабарлайды, ол Барселонада өткен Mobile World Congress жиынында Яна Коумның айтқанына тікелей сілтеме келтіреді.
Оның пайымдауынша, дыбыстық байланыс ең алғаш iOS және Android платформаларына енгізіледі, артынан Nokia және BlackBerry платформаларына жазылады.WhatsApp-тың ең басты бәсекелесі болып Line және Viber болып есептелсе керек, бірақ бір артықшылығы олар қазірдің өзінде дыбыстық байланыс функциясына ие.
Бұған қарамастан WhatsApp кең қолданысқа енуде, айына 465 миллион жаңа қолданушы еніп отырады. Олардың 335 миллионы күнделікті пайдаланады. Қазір WhatsApp жетекшілері белгілі Америкалық операторлармен келіссөз жүргізуде.
Коумның айтуынша WhatsApp бұрынғысынша жарнамамен жұмыс жасамайды, бұл дегеніміз компанияға ақша табудың басқа жолын қарастырғаны жөн. Ал дыбыстық байланысты енгізу қолданушылардан ақша жинаудың кереметтей тәсілі.
-
+1