Opendata - Мемлекеттік ашық мәліметтер порталынан мәліметтер алып үйренеміз

Алақай, енді статистика агенттігінің сайтынан мәліметтер ұрлаудың қажеті жоқ. Бірақ, ол әдіс те қызық :) Алдымен, Opendata дегеніміз не? Машина оқи алатын форматтағы жүйеленген ашық мәліметтерді көрсем болды, сразым оны жүктеп алып, жақсылап тұрып өңдеп, анализ жасап, статистика шығарғым кеп тұратын әдетім бар муахахаха. Open data дегеніміз де сол, мәліметтер ашық, машина оқи алатындай түрде таратылуы керек деген идеядан шыққан....


  • +8

Astana Startup Weekend - 2014

Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен АҚ «Astana Innovations» ( ain.kz ) елордада инноватор-кәсіпкерлерге арналған Astana Startup Weekend шарасын ұйымдастырмақшы. Бас жүлде — 1 000 000 тенге. Ұйымдастыру орны: «Сарыарқа» велотрегі. Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі 45 А Тіркелу: http://asw2014.kz/


  • +5

Unity мультиплатформалық ойын қозғалтқышы жайлы қысқаша мәлімет

Мен үйреніп жатқан Unity жайлы қысқаша мәлімет айтып өткім келеді. Unity – бұл кәсіби мультиплатформалы ойындардың қозғалысын және ойын құруды жеңілдету үшін мықты ойынның редакторларын біріктіреді. Бұл қозғалтқыш ойындардың құрастырғышы ретінде қолданылады, себебі редакциялауда қолданбалы интерфейс ыңғайлы және ойынды көріп жасау мүмкіндігін береді. Текстураны, дыбысты, скриптарды және т.б объектінің қасиеттеріне қосу үшін...


  • +7

JavaScript / jQuery Update көмегімен AdBlock қосымшасын анықтау

Сайтыңызға кірген адамдар AdBlock қосымшасын өшіріп қойғанын қалайсыз ба? Ендеше, осы плагинді пайдаланыңыз. Бұл пост осының алдындағы жазбаның дамытылған нұсқасы. HTML <div class="adsense"> <!-- AdSense коды осы жерде! --> </div> jQuery $(document).ready(function(){ setTimeout("checkAds();", 1000); }); function checkAds() { if...


  • +4

Желідегі этикет: Эгоист болмай, AdBlock қосымшасын өшіріңіз

Салем, достар! Бұл жазба Look At Me сайтына жарияланған мақала желісі бойынша жазылып отыр. Күнделікті интернетте сіз қолданып жүрген іздеу сайттары, әлеуметтік желілер, сервистік сайттар, видео-аудио, мәтіндік контентті ұсынып отқан т.б. сайттар жарнаманың арқасында күн көреді. Тым болмаса өзіңіз жиі қолданатын сүйікті сайттарыңызды таңдап, ол сайттарда AdBlock қосымшасының қосылмауын қадағалаңыз. Себебі сайттың дамуы...


  • +5

Mysql-ге қашықтықтан қосылудың үш тәсілі

Mysql localhost-та тұрғанда қалай қосылуды жақсы білеміз: mysql -uroot -pxxxx Ал егер mysql басқа серверде немесе виртуалкада болса ше? Оған қалай қосыламыз. Виртуалканы ашып, соның терминалында жұмыс жасай беруге болады, бірақ бұлай қашанғы жұмыс жасайсың. Сонымен төменде қашықтықтан mysql-ге қосылудың үш тәсілі келтірілген. 1. SSH арқылы серверге қосылу ssh [email protected] mysql -uroot -px.x.x.x Ең...


  • +4

Windows 10 кейлоггермен бірге қойылады

Егер сіз Windows 10 Developer Preview-ті жүктеп аламын деп шешкен болсаңыз, онда абай болыңыз. Microsoft компаниясы операциялық жүйенің кейлогермен бірге орнатылатындығын ресми түрде мойындады. Батырмалардың басылуы жазып алынады және Microsoft-қа жіберіледі. Бақылауға құқық берілу Insider Program -да қатысу шарттарында көрсетілген. Windows 10 Developer Preview-ті жүктеп алғанда пайдаланушы осы шартқа автоматты түрде келісім береді....


  • +6

Резеңкелі сайттың қарапайым қулықтары

Сайттың резеңкелі болуы үшін, Twitter Bootstrap framework туралы біле жүріңіз. Бұның жұмыс істеу схемасы былай: кез-келген енге тең сайтты проценттік қатынаспен 12 бағанға (шартты түрде бұл стандарттан ауытқып, басқа мәнге тең бағандарға бөлуге болады) бөледі. Интернетте ағылшын және орыс тілдерінде ресми сайттары бар және бай кітапханасы бар. Кітапханада веб-компоненттер: графикалық (сайт жылдам жүктелуі үшін, .svg форматтағы жинақтар...


  • +4

Программисттер арасындағы front-end және back-end дегендер кімдер?

Бүгінде веб-сайт жасайтын уақытта кей кездері программисттерді back-end және front-end деп бөліп қарайтындарын естіген боларсыз? Back-end — сайттың арғы жағындағы, яғни пайдаланушының көзіне көрінбейтін серверлік скрипттер (мысалы: php-программист), дерек базаларының сұраныстарын жазатын мамандар. Ал, front-end — сервер мен дерек базасындағы «моторды» интерфейстік деңгейде ретке келтіріп, пайдаланушыға ыңғайлы етіп ұсынатын...


  • +5

Планетамыздағы ең қуатты деген 10 суперкомпьютер

Суперкомпьютерлерді сандық модельдеу қолдануға болатын кез-келген есептерде пайдаланылады. Біз білетіндей мұндай есептерде өте үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу және есептеу қажет. Суперкомпьютерлер есептеулер уақытын тежеп, ғалымдарға көптеген пайдалы мәліметтерді табуға көмектеседі. 1970-80 жылдардағы суперкомпьютерлер тек бір ғана компьютерден тұрған болса, қазіргі заманауи суперкомпьютерлер бір-біріне өте жылдам каналдар арқылы...


  • +2