Программисттер арасындағы front-end және back-end дегендер кімдер?
- nurzhol
- Блог- nurzhol / 24 қыркүйек 2014, 22:27
- 2541
Бүгінде веб-сайт жасайтын уақытта кей кездері программисттерді back-end және front-end деп бөліп қарайтындарын естіген боларсыз?
Back-end — сайттың арғы жағындағы, яғни пайдаланушының көзіне көрінбейтін серверлік скрипттер (мысалы: php-программист), дерек базаларының сұраныстарын жазатын мамандар. Ал, front-end — сервер мен дерек базасындағы «моторды» интерфейстік деңгейде ретке келтіріп, пайдаланушыға ыңғайлы етіп ұсынатын программист. Олар әдетте графикалық программалар, javascript кодтары мен олардың кітапханалары, css, html тегтеу кодтарын жазатын программист. Былайша, құрылыс саласымен қарап көрсек: бірніші — фундаментін құйып, канализация, жылу системаларын жүргізіп, төрт қабырғасын тұрғызатын адамдар болса, екіншісі — әрлеп, сылақтаушы дегенге келетін сияқты.

-
+5