Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Gii код генераторын пайдалану.

Бұл жолы біз Yii-дің Gii генераторы туралы айтамыз. Бұл құрал жалқауларға арналған десем артық кетпеспін. Ол көптеген кодтарды редакторларда жазып отырмай, тез арада веб интерфейс арқылы генерация жасауға көмектеседі. Сол арқылы көөөп уақытты тежейміз. Gii негізі yii-дің бір модулі. Егер сіз yii-ді осы мақалалар сериясы бойынша орнатқан болсаңыз, онда gii сізде болуы керек. Оны тексеру үшін мынандай файлдарды қарауға болады. Бірінші...


  • +3

Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Формалармен жұмыс.

Бұл мақалада yii-де формалармен жұмыс істеп үйренеміз. Ешқандай лирикасыз кеттік q(^_^)p Формаларсыз веб бағдарлама өте аз шығар. Олар әдетте пайдаланушыдан мәліметтер алу үшін пайдаланылады (пайдаланушының аты, паролі, т.б.). Yii формамен жұмыс жасауға көптеген ыңғайлылықтар мен дайын құралдар ұсынады. Біз ең қарапайым форма пайдаланушының аты мен почтасы енгізілетін форма құрайық. Формаға қажет модельді құру Формамен...


  • +3

Microsoft .NET-ті кросс-платформалыққа көшіреді және оның қайнар кодын ашады, осыған орай Visual Studio 2015, .NET 2015 және Visual Studio Online-ның мүмкіндіктерін кеңейтеді

Нью-Йорк, 12 қараша 2014 жыл. Сәрсенбі күні Microsoft корпорациясы кросс-платформалы, ашық кодты бағдарламалаушылардың тәжірибесіне сүйенуін күшейтті десек те болады. Олар .NET-тің толық серверлік стегін және кеңейтіліп жатқан .NET-ті Linux және Mac OS амалдық жүйелерінде қосу үшін кодтарын ашуға бел буып отыр. Сонымен қатар Microsoft Visual Studio-ның негізгі қажетті құралдарын өзінде біріктіретін Visual Studio-ның жаңа тегін нұсқасы Visual...


  • +4

Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Алғашқы бағдарлама.

Өмір — бұл мүмкіндік. Оны жіберіп алма! Пхпшы, менің мақалаларымнан көз жазып қалма! Ал, халайық, Yii-ді үйренуді жалғастырамыз. Алдыңғы мақаланы қорытып үлгердіңіздер деп үміттенем. Бүгін кішкеееентай жұмыс істейтін бағдарлама жазып көреміз. MVC MVC ол архитектуралық паттерн десек те болады. Оның кең тарағаны сонша, оны технологиямен шатастыратындар да бар. Паттерннің негізгі ойы, деректер қорымен жұмыс істеуді,...


  • +3

Уикипедия қатысушыларының иерархиясы

Интернет пен google бар заманда ақпаратты алу өте жеңіл болып кетті. Бір құбылыс, идея, үрдіс, тұлға және т.б. туралы алғашқы мәлімет алу үшін сұрағымызды іздеу жүйесіне жаза салсақ жеткілікті. Ал іздеу жүйелері бірінші болып аталған Уикипедия мақалаларын шығаруға тырысады. Қазірдің өзінде энциклопедияда 33.5 млн мақала бар. Егер де Британника (Encyclopaedia Britannica) секілді кітап болса, онда Уикипедияның барлық мақалалары 2055 томды құрар...


  • +6

Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Yii-ді орнату.

Codeo жұрты, армысың, дей отырып, сіздердің алдарыңызда — Шәйнек, өзінің ұмытылмас, бірнеше жыл ел аузында аңыз болар мақалалар сериясын бастайды. Ең бірінші мақала қазір сайттардың, өтірік айтпасам 90 пайызы жұмыс істеп тұрған php тілінде жазылған Yii фреймворкы туралы бастаймын. Неге? Өйткені, айта беріп майы таусылған вордпрес пен друпалдың күші жетпейтін бір жоба үшін осыны таңдап алдым. Иә, иә, олардың фанаттары қабақтарын түйіп...


  • +6

Хакерлер iTunes–тің 3 млн. аккаунтын бұзып әкетті

Сейсенбі күні ғаламторда iTunes – тен 3.887.882 пайдаланушы туралы ұрланды деген хабарлама келді. Белгісіздер аккаунттар мен құпиясөздер базасын Pastebin.com және оған ұқсас басқа сайтарда жариялады. Осы уақытта жазбалар өшіп кеткен еді, бірақ бізге кейбір төмендегі статистикалары жетімді болды. Көрсетілген файлда ең жиі кездесетін құпиясөздер: Құпия сөздің көпшілігі мұнда – біраз уақыттан бері белгілі, олар жыл сайынғы...


  • +3

Қазақ блогосферасының статистикасы

Қазақ блогосферасы қаншалық дамуда? Соңғы жылдары қазақша ресурстардың көбейіп, бұл саланың дамып жатқанын білеміз. Бірақ сан жүзіндегі статистика қандай болады екен? Мен осы сұрақтарды қарастыру үшін, көп ойланбай еліміздегі ең танымал деген блог жазылатын сайттардан мәліметтер жинауды шештім. Олар: kerekinfo.kz , aitaber.kz , massaget.kz , blogtime.kz . Әр сайттан мақалалар туралы мәліметтер алынды. Мақала туралы негізгі...


  • +8

Blender-дегі алғашқы қадамдарым

Сәлем достар өткен мақалада мен сіздерге өзімнің paint-та салған суреттерімді көрсеткен едім және 3d графикалық бағдарламаларды үйренуге мақсат қойғам. Ең бірінші таңдауым Blender бағдарламасы. Әзірше мақтанарлықтай дәрежеге әлі жеткен жоқпын, бірақ сонда да сіздермен үйренген заттарымды бөліскім келіп отыр. Өкінішке орай әр қадамды сипаттауға шыдамым жетпегендіктен, сіздерге ең маңызды қадамдардын скриншотын ұсынып отырм. Ал...


  • +6