WhatsApp енді Mac және Windows жүйелері үшін арнайы бағдарламасын шығарды

Компания осыдан 16 ай бұрын мессенджерді веб арқылы пайдалануға болатындай етіп жасап еді. Енді Mac және Windows пайдаланушылары месенджерді арнайы жеке бағдарлама арқылы пайдалана алады. Бағдарламалар Windows 8 және одан жаңаларына, Mac OS X 10.9 (Mavericks) және одан жаңаларына қолжетімді. Десктоп нұсқасы Android және iOS үшінгі бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін қамтитын болады. Өз аккаунтыңызға қосылу үшін QR кодты...


  • +2

Ubuntu 16.04 Linux дистрибутиві жарық көрді

Бүгін ұзақ бойы қолдау көрсетілетін (LTS), жаңартылулар 5 бойы шығарылатын Ubuntu 16.04 «Xenial Xerus» нұсқасының релизі шықты. Арнайы жинақтар келесі нұсқалар үшін дайын: Ubuntu, Ubuntu Server , Ubuntu Core , Kubuntu , Ubuntu GNOME , Xubuntu , Ubuntu Studio , Lubuntu , Ubuntu MATE , Ubuntu Cloud , Ubuntu Studio және UbuntuKylin (Қытайға арналған нұсқа). Негізгі өзгерістер: 1. Unity панелін горизонталь орнату...


  • 0

Google Chrome мобильді браузерінің пайдаланушылар саны 1 миллиардтан асты

Бүгін компания Chrome мобильді браузерінің пайдаланушылары туралы статистиканы жариялады . Android және iOS жүйелерінің қайсысында қанша пайдаланушы екенін әлі компания айта алмайды. Әрине, оның негізгі пайдаланушылар саны Android жүйесінде. Осы мәліметке қоса компания браузердің пайдаланылуы туралы қызықты инфографика жариялады: Ай сайын 771 миллиард веб бет ашылады; Іздеу сұраныстарын автоматты түрде аяқтау функциясының...


  • +1

Telegram өзінің бот платформасының ірі жаңартылуы туралы жариялады

Telegram мессенджерін жасаушылар бот платформаның Bot Platform 2.0 деп аталатын үлкен жаңартылуын шығарды. Енді пайдаланушылар боттармен алдын ала дайын жауаптар арқылы сөйлесе алады. Сонымен бірге енді боттарды басқа пайдаланушылармен сөйлесу кезінде пайдалануға болады. Осы жаңа мүмкіндіктерді көрсету үшін компания Youtube және Foursquare үшін боттар жазған. Енді боттарға арнайы дайын тұрған жауап нұсқалары арқылы жауап беруге...


  • +4

Қазақша Joomla 3.x

Дипломдық жобамның аясында жасалып отырған ақпараттық жүйені құру үшін Joomla-ны таңдаған болатынмын. Талаптар бойынша АЖ үш тілде құрылу керек болатын (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Әрине бәріне мәлім жағдай — қазақ тілі Joomla-ның ресми аудармаларының арасында жоқ. Көптеген қолданушылар өздері аударып жүргені де белгілі. Интернет желісін шарлай келе Joomla 2.x нұсқасына қазақша аударма тапқан болатынмын. Алайда оны Joomla 3.x нұсқасына...


  • +1

Windows 10 Rollback бағдарламасы Windows 10-нан Windows 7,8 немесе 8.1 нұсқасына қайтуға мүмкіндік береді

Windows 10 жаңартылуы әркімнің жынына тиіп жүретіні бар. Ол ешкімнен сұрамай кейде өзі жаңартылып кететінін айтсақ, көпшіліктің төбесі тік тұрады. Егер байқамай Windows 7 жүйеңізді 10-нұсқаға жаңартып алсаңыз не істеуге болады? Оның да шешімі бар. Арнайы бағдарлама арқылы, қауіпсіз, файлдарды жоғалтпай ескі нұсқаға қайтуға болады. Ескі нұсқаға қайтудың ең қарапайым тәсілі ол NeoSmart Technologies жасаған Windows 10 Rollback...


  • +1

Kaz Grammar қосымшасына шолу жасау

Алдарыңызға қазақ мәтініне морфологиялық және фонетикалық талдау жасайтын қосымшаны ұсынып отырмын. Қосымша ана тілімізді дамытуға, қазақтілді интернет кеңістікті қалыптастыруға үлес қосу мақсатында жасалды. Қазақ тілінің грамматикасы негізіне сүйеніп, ережелерді көбірек қамтуға тырыстық. Алдағы уақытта жобаны ары қарай дамыту ойда бар.


  • +3

Пайдалы және қызықты 10 telegram бот

Telegram боттарының саны күн санап артуда. Storebot сайтының өзінде үш мыңдай бот тіркелген. Тіркелмегені қаншама. Айтқандай оның өзінің боты бар @StoreBot , сол бот арқылы да қалған боттарды іздеуге болады. Төмендегі боттар осы сайттан алынды және барлығының рейтиингтері жақсы. 1. IT Tool ( @it_tool_bot ) IT мамандарға қызықты бот. Домен бостығын тексеруге. хостқа пинг жасауға, мәтіннен qr code жасап алуға болады....


  • +3

Json форматындағы мәліметпен консольда жұмыс жасаймыз

Қандай да бір сервиспен REST API арқылы жұмыс жасағанда ары бері шаппай консольда алынған мәліметтерді өңдеу уақытты қысқартады. Әсіресе, егер сұраныстардан тым үлкен json келсе. Консольда ондай мүмкіндікті беретін jq деп аталатын кішігірім құралды пайдаланып көреміз. Оның көмегімен json форматындағы мәліметті оқуға, фильтрлеуге, өзгертуге болады. Сондықтан да bash скрипттарда пайдалану үшін де ыңғайлы. C тілінде жазылғандықтан,...


  • +3

Хакерлер Wordpress және Joomla-жасалған сайттарды шабуылдап жатыр

Киберзаңбұзушылар Wordpress және Joomla негізінде жұмыс жасайтын сайттарға жасанды скрипттарды енгізу мақсатында шабуылдар жасап жатыр. Хакерлер негізінен ең кең таралған Jquery кітапханасын өздерінің кодтарын сайтқа ендіру үшін кеңінен пайдалануда. Avast антивирусы мамандарының айтуы бойынша соңғы кездегі ең көп таралған жасанды скрипт ол jquery негізінде. Хакерлер жасанды кітапхананы енгізу арқылы сайттарды өз мақсаттарында...


  • +3