Ubuntu 16.04 Linux дистрибутиві жарық көрді

Бүгін ұзақ бойы қолдау көрсетілетін (LTS), жаңартылулар 5 бойы шығарылатын Ubuntu 16.04 «Xenial Xerus» нұсқасының релизі шықты. Арнайы жинақтар келесі нұсқалар үшін дайын: Ubuntu, Ubuntu Server, Ubuntu Core, Kubuntu, Ubuntu GNOME, Xubuntu, Ubuntu Studio, Lubuntu, Ubuntu MATE, Ubuntu Cloud, Ubuntu Studio және UbuntuKylin (Қытайға арналған нұсқа).

Негізгі өзгерістер:

1. Unity панелін горизонталь орнату мүмкіндігі пайда болды (ол үшін Dconf Editor арқылы «com > canonical > unity > launcher > launcher-position» баптауын өзгерту керек).



2. Launcher-дің файлдар менеджерімен интеграциясы жетілдірілген. Енді корзинаны немесе USB белгісін басқан кезде сәйкесінше папкалар ашылады.



3. Жылдам шақыру менюіне (quicklist) сыртқы құрылғыларды (диск, флешка) форматтау функциясы қосылған.

4. GTK бағдарламаларын жетілдірілген қолдау. Құралтар панелі және меню терезенің жоғары жағына өткізілген.



5. Бағдарламаның менюін барлық уақытта көрсетіп тұру баптауы қосылған (System Settings/Appearance/Behavior tab);



6. HiDPI экранды жүйелердені курсордың масташыбын өзгертілуі.

7. Панельде бағдарламаның қалай қосылғанынан тәуелсіз бағдарлама иконкасы көрсетіліп тұрады.



8. Dash-қа жаңа мүмкіндіктер қосылған. Енді сол жерден компьтерді өшіруге болады.



10. Енді Dash-та онлайн іздеу функциясы өшірілген. Арнайы баптаусыз ол сыртқы ресурстарда іздеу жүргізбейді. Бұл өзгерту жүйені тазадан қойған кезде ғана болады, егер ескі нұсқадан жаңартсаңыз, ескі баптау қала береді.

11. Ubuntu Software Center орнына енді GNOME Software пайдаланылады. Ол Unity Launcher-мен интеграцияланған.



12. GNOME Calendar бағдарламасы қосылған. Бірақ CD/DVD жазуға арналған Brasero және хат алмасуға арналған Empathy алып тасталған.



13. Дыбысты басқаратын аплетте микрофон сезімталдығын өзгерту мүмкіндігі пайда болды.

  • 0
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.