Пайдалы және қызықты 10 telegram бот

Telegram боттарының саны күн санап артуда. Storebot сайтының өзінде үш мыңдай бот тіркелген. Тіркелмегені қаншама. Айтқандай оның өзінің боты бар @StoreBot, сол бот арқылы да қалған боттарды іздеуге болады. Төмендегі боттар осы сайттан алынды және барлығының рейтиингтері жақсы.

1. IT Tool (@it_tool_bot)



IT мамандарға қызықты бот. Домен бостығын тексеруге. хостқа пинг жасауға, мәтіннен qr code жасап алуға болады.

2. Кітаптхана бот (@freebooksbot)



Кітаптың аты арқылы іздеп, табылған кітапты жүктеп алуға болады. Кітаптың 10 түрлі форматын ұсына алады.

3. VK Music Bot (@vkmusic_bot)



Вконтакте желісіндегі музыкаларды іздеуге және жүктеп алуға мүмкіндік береді. IPhone иелеріне пайдалы бот ;).

4. To PDF (@topdf_bot)



.doc, .docx, .odt, .txt және .jpg форматындағы файлдарды .pdf форматына айналдырып береді. Форматтау керек файлды жіберсеңіз болды.

5. ImageSearch (@ImageSearchBot)



Сурет арқылы іздеу. Яндекс іздеу жүйесін пайдаланады. Google Images ботын таппадым. Дұрыс іздемедім бе. Егер жоқ болса жазуға тура келеді :).

6. Тарихқа қызығатын бот (@historyrobot)



Қызықты тарихи суреттер мен мәтіндер жіберіп тұрады.

7. PollBot (@pollbot)



Группада сауалнамалар жасауға мүмкіндік беретін бот.

8. YouTube Downloader (@utubebot)



Youtube сайтынан сілтеме бойынша видео жүктеп береді. Сонымен бірге видеодан тек mp3-ғана алып бере алады.

9. National Geographic Bot (@NatGeoBot)



Атақты журналдың боты. Сізге қызықты суреттер және мәліметтер жіберіп тұрады.

10. KZT Bot (@kztbot)



Валютаны көріп отыру үшін қажет бот. Мәліметтер KASE, Казком, Сбербанк, Альфа-банк жәні Халық банктерінен алынады.

  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.