Joomla'да алиасты қазақшалау

Joomla'да менюді немесе материалдың тақырыбын қазақша тергенде міндетті түрде ағылшын әріптеріне ауыстырылған жазба (алиас) болады. Сол алиастарда қазақша әріптердің орнына сызықша қойылып кетіп жатады. Мұның себебі: админканың тілі орысша болуы. Бұл проблеманы шешу үшін /language/ru-RU каталогында орналасқан ru-RU.localise.php файлына өзгеріс енгіземіз. Ол үшін transliterate функциясын тауып алып, төменде келтірілген массивтің...


  • 0

Tiyn - Блокчейндегі қазақ ақшасы

Мен былтыр биткоин туралы мақаланы жазғаннан кейін блокчейн және криптовалюта саласына тереңірек үңілдім. Неше түрлі қызық жобалар бар екен. Мысалыға: Sia — бұл платформада әр адам өзінің компьютеріндегі бос жатқан диск бөлімін басқаларға жалға бере алады. Жалға алушы файлдарын бұлтқа салғандай болады және осы қызмет үшін Siacoin токендерімен төлейді. Жалға берушілерге дискілерінің қолданылуына қарай осы Siacoin-дар төленеді....


  • 0

90-шы жылдары қалып қойған сайттар

Dial-up заманы өткелі қашан, бірақ кейбір интернет жәдігерлер сізді қайтадан 90-шы жылдарға алып барады. Біз мұнда 90-шы жылдары қалып қойған сайттар тізімін жинадық. The Amazing FishCam Алғаш пайда болған веб-камералардың бірі, әлі күнге дейін жұмыс істейді. Javascript тілін алғаш болып пайдалана бастаған сайттар қатарында. Жоба 1994 жылы бастау алған. Purple.com purple.com сайтынан да қарапайым дизайны бар сайт табу...


  • 0

Flexbox және Grid: 2017 жылда CSS-вёрсткамен танысу

Мақаладан нені үйренесіздер бұрындары CSS-разметкамен қалай жұмыс жасалды; ескірген әдістер мен заманауи стандарттар арасындағы айырмашылық; жаңа стандарттармен жұмысты қалай бастау керек (Flexbox және Grid); сізді бұл жаңа стандарттар неге қызықтыруы керек; Кіріспе 2012 не 2013 жылдары веб-бағдарламалаумен таныстым. Ақырындап бұл бағытты өздігімше үйрене бастадым. Тез арада CSS көп нәрсеге мағына беретінін түсіндім, бірақ...


  • +1

Stack Overflow статистика: vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды

23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу жүргізіп танымал проблема туралы статистиканы жариялады. Неге редактордан шығу қиын? Негізінен себеп екеу: пайдаланушы Vim редакторына көбінесе байқаусызда кіріп кетеді (консольдан басқа бағдарлама ашуы мүмкін) немесе ол редакторды сирек қолданғаны соншалық әр жолы қалай шығуды...


  • +1

Skype дизайны толығымен жаңартылды. Енді онда да "Story" бар

Skype бағдарламасын Microsoft корпорациясы 6 жыл алдын сатып алған болатын. Содан бері компания азды көпті бағдарлама дизайнына өзгерістер енгізіп тұрды. Бірақ енді компания дизайнды толығымен өзгертуге бел буыпты. Соңғы кездері мессенджер пайдаланушылар саны айтарлықтай артып кетті және ақырындап пайдаланушылардың қалғанын да өздеріне шақырып жатыр. Ал Skype өз кезегінде көбінесе тек аудио және видео қоңыраулар үшін пайдаланылады....


  • +1

Delphi бағдарламалау ортасында Drag&Drop технологиясын код жүзінде іске асыру

Ассалаумағалейкум , құрметті оқырман! Қазіргі кезде бағдарламалардың қолданушы интерфейсін жасау кезінде Drag&Drop технологиясы кенінен қолданылады. Delphi ортасында ондай мүмкіндік бар, бірақ оның кенінен ойластырылмағаны және шикілігі мені осы мақаланы жазуға итермеледі. Delphi ортасында жаңа бағдарлама құрасыз Standart құраушылар тақтасынан батырманы формаға орнатыныз. Сол тақтадан формаға панельдіде орнатып, оның color қасиетін...


  • +1

Жаппай https протоколына өту: Let's Encrypt арқылы ssl сертификат аламыз (тегін)

Осы жылдың қаңтарынан бастап Google http протоколымен жұмыс жасайтын сайттарды "қорғалмаған" деп атап, браузерде де тиісінше белгілейтінін айтқан болатын. Әрине, бұл күшпен https протоколына барлық сайттарды ауыстыру емес, әлде де ешкімді күшпен ауыстыру ниеттері жоқ. Дегенмен, бұл протоколға өту пайдаланушылар үшін де сайт иелері үшін де дұрыс қадам. Google компаниясының күштеуін алып тастағанның өзінде, https мәліметтерді қорғау...


  • +1

Firefox браузерінің 52-нұсқасы шықты: WebAssembly төмен деңгейлі бағдарламалау тілі іске қосылды

Mozilla компаниясы Firefox браузерінің 52-нұсқасын шығарды. Ең басты өзгеріс WebAssembly бағдарламалау тілін қолдауы. WebAssembly (wasm) — төмен деңгейлі бағдарламалау тілі, соңғы онжылдықтағы веб-платформалардағы ең басты инновация болуы мүмкін. Бұл көптен бері JavaScript-ке жетпей жүрген нәрсе. WebAssembly-ге қажеттілік не үшін туғанын түсіну үшін, JavaScript тарихын білу жеткілікті. JavaScript алғашында қарапайым скрипттер...


  • +1

PHP. Константа

Кейбір тұрақты мәндерді айнымалыларда сақтау ыңғайсыздық туғызады. Тұрақты мәндер мысалы, математикалық константа , әртүрлі кілтсөздер, файл атауы болуы мүмкін. Константа құрылған кезде оған бір мән беріледі және сол бағдарламаның орындалу барысында өзгермейді. Оның айнымалыдан айырмашылығы да осында. PHP- де константаны define() функциясының көмегімен анықтайды, яғни құрады. Бұл функцияның келесідей жазылады. define ($name, $value,...


  • +1