Skype дизайны толығымен жаңартылды. Енді онда да "Story" бар


Skype бағдарламасын Microsoft корпорациясы 6 жыл алдын сатып алған болатын. Содан бері компания азды көпті бағдарлама дизайнына өзгерістер енгізіп тұрды. Бірақ енді компания дизайнды толығымен өзгертуге бел буыпты.

Соңғы кездері мессенджер пайдаланушылар саны айтарлықтай артып кетті және ақырындап пайдаланушылардың қалғанын да өздеріне шақырып жатыр. Ал Skype өз кезегінде көбінесе тек аудио және видео қоңыраулар үшін пайдаланылады. Жаңа Skype-та хат алысуға көбірек көңіл бөлінген. Интерфейстің бұл бөлігі үшке бөлінген: іздеу, чат және түсіру. Іздеу көпфункционалды және суреттер, ресторандар, YouTube-дан видеолар және gif суреттер іздеуге мүмкіндік береді. Чат болса жай хат алмасу үшін.

Ал жаңа бөлім "түсіру" Snapchat бағдарламасындағы "Түсіру" бөліміне өте ұқсас. Сөйлесу кезінде пайдаланушы бағдарламадан шықпай сурет немесе видео түсіріп жібере алады. Суреттерге мәтін немесе наклейкалар қыстырып жіберу мүмкіндігі де бар.

Highlights функциясы болса дәл сол снапчаттағы "Story" бөлімінен аумайды.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.