Firefox браузерінің 52-нұсқасы шықты: WebAssembly төмен деңгейлі бағдарламалау тілі іске қосылды

Mozilla компаниясы Firefox браузерінің 52-нұсқасын шығарды. Ең басты өзгеріс WebAssembly бағдарламалау тілін қолдауы.
WebAssembly (wasm) — төмен деңгейлі бағдарламалау тілі, соңғы онжылдықтағы веб-платформалардағы ең басты инновация болуы мүмкін. Бұл көптен бері JavaScript-ке жетпей жүрген нәрсе.

WebAssembly-ге қажеттілік не үшін туғанын түсіну үшін, JavaScript тарихын білу жеткілікті. JavaScript алғашында қарапайым скрипттер жазуға арналған қарапайым тіл болатын. Оның көмегімен веб бетке кішігірім аннимациялар немесе интерактивті мүмкіндіктер қосу көзделген еді. Бірақ, тілдің қазіргідегідей дамып кететінін ешкім ойламаған.
Қазіргі кезде веб-бағдарлама ол жай ғана қарапайым html бет емес, ол — күрделі компьютерлік бағдарламалар. Көпшілік JavaScript тілін қаншалықты жылдамдатуға әрекет жасағанымен, ол ешқалай да мүмкін емес, яғни, ол ешқашан натив код секілді шылдам жұмыс жасай алмайды. Өйткені, тіл браузермен интерпретация жасалып, кейін ғана барып орындалады.
Mozilla алғаш болып, төмен деңгейлі код орындауға болатын виртуалды машина жасау қажеттілігін түсініп, бірнеше жыл алдын натив орындалу мүмкіндіктерін көрсету үшін asm.js шығарды. asm.js өзін өте жақсы көрсете білді, сондықтан ары қарай ірі интернет компаниялармен бірігіп ортақ жоба құру керектігі түсінікті болды.
WebAssembly тілі JavaScript-пен бірге жұмыс жасай алады және натив бағдарламалар деңгейіндегі жылдамдық көрсете алады.
Енді браузерде 3D-ойындар, автоматты жобалау жүйелерін, видеоредакторлар, графикалық редакторлар, ғылыми визуализацияларды іске қосуға болады.
Уақыт өте келе қазіргі веб бағдарламалар (әлеуметтік желілер, почта, мәтіндік редакторлар) WebAssembly қолдана бастайды, яғни олардың жылдамдығы бірнеше есе артуы мүмкін.
Flash секілді технологиялардан өзгешелігі және негізгі артықшылығы, WebAssembly браузерге кіріктірілген болады және ештеңе орнатуды талап етпейді. Демек, бағдарламалаушылар WebAssembly-ді CPU есептеулерін көп қажет ететін бағдарламалар үшін қолдана алады.
WebAssembly — Mozille, Google, Microsoft және Apple бірігіп жасап шыққан ашық стандарт. Төрт компания да ең кең тараған браузерлер иелері, демек, барлық браузерлерде қолдау болатынына күмән жоқ. Google стандартты Chrome браузерінің 57-нұсқасында іске қосуға уәде беріп отыр.
WebAssembly мүмкіндігін көру үшін ZenGarden ойынын ойнап көруге болады:

  • +1
3 пікір
Khan
Ал мен оны естіген кезде, Javascript-ті алмастырады ма деп қорқып кеттім.
qwerty
қорықпа, жәй Javascript-ті күшейте түседі :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.