90-шы жылдары қалып қойған сайттар

ескі сайттар
Dial-up заманы өткелі қашан, бірақ кейбір интернет жәдігерлер сізді қайтадан 90-шы жылдарға алып барады. Біз мұнда 90-шы жылдары қалып қойған сайттар тізімін жинадық.

The Amazing FishCam


Алғаш пайда болған веб-камералардың бірі, әлі күнге дейін жұмыс істейді. Javascript тілін алғаш болып пайдалана бастаған сайттар қатарында. Жоба 1994 жылы бастау алған.
The Amazing FishCam

Purple.com


purple.com сайтынан да қарапайым дизайны бар сайт табу мүмкін емес шығар. Бұл сайт та 1994 жылы ашылған.
purple.com

Топты қалай атасам екен


Өзінің рок-группасына ат таба алмай жүргендерге арналған архив. "Қазушы ергежейлілер" атына қалай қарайсыз? Пайдалы иә? Ешқалай.

Виртуалды құсу


Соңғы рет қай жерде, қашан көңіліңіз айнығаны, одан алдын не жегеніңіз толтырылатын анкета-сайт.

ALIWEB іздеу жүйесі


ALIWEB сайты интернеттегі ең алғашқы іздеу жүйесі деп саналады.
aliweb.com

Шағын бизнеске арналған ақпараттық портал


ENTERWeb шағын бизнеске арналған сайттар каталогы. Әркім өзінің ұсыныстарын ендіре алады.

Сізге хат (1998)


Том Хэнкс ойнаған «You’ve Got Mail» фильмі естеріңізде болса керек. Мына сайт сол кинодан алынған цитаталарға тола және сізді видеокассета сатып алуға шақырады.

Космостық джем (1996)


Майкл Джордан ойнаған "Космостық джем" фильміне бағышталған сайт. Бұл сайтқа қарап отырып басыңа "20 жыл қалайша өте шықты?" деген ой келеді.

1996 жылғы CNN ең жақсы жаңалықтар беті


CNN серверлерінде қалып қойып, ұмыт болған кішігірім парақша.

Ал сіздер 90 жылдары қалып қойған қандай сайттарды білесіздер?

  • 0
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.