Stack Overflow статистика: vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды

23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу жүргізіп танымал проблема туралы статистиканы жариялады.

Неге редактордан шығу қиын?


Негізінен себеп екеу: пайдаланушы Vim редакторына көбінесе байқаусызда кіріп кетеді (консольдан басқа бағдарлама ашуы мүмкін) немесе ол редакторды сирек қолданғаны соншалық әр жолы қалай шығуды ұмытып қала береді.

Тұзаққа жалпы қанша адам түсіп қалады?


Жұмыс күнінің белсенді кезеңінде сағатына 80 адам редактордан шығу туралы іздейді екен. 5 жыл ішінде мұндай жағдайға түскендер саны тұрақты түрде артып отырған:
vim редакторы
Ал егер іздеуді мемлекеттер бойынша бөлсе мынандай көрініс:
vim редакторы

Қандай программисттер жиі осындай тұзақта қалып қояды?


Мұндағы ең қызықты сұрақ — ең көп қай тілде бағдарламалайтындар Vim редакторымен осындай проблемаға тап болады? Зерттеушілер vim редакторымен проблемасы болғандар негізінен қай тег бойынша іздейтінін қарап көрген. Нәтижесінде ең көп мобильді бағдарламалаушылар, фронтенд және C# пайдаланушылары болып шықты. Ал ең аздары — C, C++, Python және Ruby.
vim редакторы

Сонымен, қалай шығу керек?


Vim редакторынан шығу үшін мынандай команда қолдану керек:
:q!

Бірақ бұлай шығу өзгерістерді сақтамайды, егер сақтап шығу қажет болса, былай:
:wq

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.