PHP. Константа

  • avatar
  • PHP / 14 ақпан 2017, 18:09
  • 3091
Кейбір тұрақты мәндерді айнымалыларда сақтау ыңғайсыздық туғызады. Тұрақты мәндер мысалы, математикалық константа, әртүрлі кілтсөздер, файл атауы болуы мүмкін. Константа құрылған кезде оған бір мән беріледі және сол бағдарламаның орындалу барысында өзгермейді. Оның айнымалыдан айырмашылығы да осында.
PHP- де константаны define() функциясының көмегімен анықтайды, яғни құрады. Бұл функцияның келесідей жазылады.
define ($name, $value, $case_sen);
$name — константа атауы;
$value — константаның мәні;
$case_sen — логикалық міндетті емес параметр;

Константаны анықтау және қолдану мысалы:
<?php
define(«pi», 5.24, true);
echo pi;
// «5.24» экранға шығарылады
?>
Константаның құрылғандығын тексеру
Константаның құрылғандығын тексеру үшін defined() функциясын қолдануға болады. Егер константа бар болса «true»(ақиқат) мәнін қайтарады. Мысал келтірейік:
<?php
// pi константасын құрамыз.
define(«pi»,5.24,true);
if (defined(«pi»)==true) echo «Константа құрылған!»;
// Скрипт «Константа құрылған сөзін экранға шығарады.
?>

  • +1
2 пікір
tas362
Ассалам алейкум
Кушті жазылыпты
него мына mykaz.ru сайттын иесі сен ба?
Khan
Javascript
const variableName = value;
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.