Apple ескі USB порттарынан бас тартты

Соңғы уақытта apple компанияларының жаңартуларына күліп жүрген адамдарды көп байқап жүрмін.
Мысалға, соңғы шыққан macbook компьютерлерінде usb порты жоқ екен.
Осыған орай кезінде Стив Джобстың беріп кеткен интервьюлері есіме түсіп кетті. Сол бір интервьюде Стив Джобс неге солай істейтінін айтып кеткен:
Apple компаниясы дүние жүзіндегі барлық ресурстарға ие емес. Сондықтан, біз қай жылқылармен шабатынымызды ұқыпты түрде таңдауымыз керек. (Бұл жерде жылқы дегені, жаңа технологиялар деген мағынада). Жалпы біз технологияларды төрт кезеңге бөлеміз. Көктем, Жаз, Күз, Қыс. Жаңа технологияның енді-енді еніп жатқан кезі ол көктем, Ол технологияның еніп, барлық жерде қолданысқа кіре бастаған кезі — ол жаз. Ал Технологияның ескіруі ол күз болса, қолданыстан шыға бастауы қыс дейміз. Біздің ресурстарымыз шектеулі болғандықтан, біз күз кезеңіне жеткен технологиялардан құтылып, көктем кезеңіне жетті-ау деген, яғни біздің көзқарасымыз бойынша перспективты болып саналатын технологияларды енгізуге тырысамыз. Өйткені ескі технологиялармен жаңа технологияларды қатар алып жүру өте қымбат, және ресурсты көп талап етеді дейді.
Мысалға:
  1. Кезінде Apple өзінің компьютерлерінде ең алғаш болып Sony шығарған 3,5 дьюймдік флоппи дискіні енгізді. Яғни, бірінші болып 5 дьюймдік флоппи дискіден бастарту арқылы 3,5 дьюймдік флоппи дискілерінің үлкен қолданысқа ие болуына жол ашты.
  2. Apple ең бірінші болып өзінің компютерлеріне Intel корпорациясы шығарған usb порттарын енгізді.
  3. Apple өзінің Macbookтарынан cd, dvd ромдарды алып тастады.
Сондықтан әр осы технологияларды енгізген кезімізде қолданушылар тарапынан әрдайым осындай шу болып тұрады. Дегенмен, Apple компаниясының өңімдерін сатып алатын адамдар азаймайды. Біз осындай технологияларды ұқыпты таңдау үшін қолданушылар ақша төлеуге дайын дейді.
Соңғы Macbook-тарда usb порттың орнын type-C басқан екен. Қарапайым жұртшылық оны Таапси дейді. Ол кәдімгі usb портынан төрт есе жылдам екен. Шынымен, соңғы шығып жатқан HTC, Samsung телефондарында usb порт жоқ. Оның орнын таапси басып жатыр. Соған қарағанда, екі үш жылдан кейін usb жоғала бастайтын сиақты.
usb type-c

  • Тегтер:
  • 0
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.