World of Tanks ойыны қазақ тіліне аударылды

Wargaming компаниясы атақты World of Tanks ойынын қазақ тіліне аударғанын жариялады. 9.14 жаңартылуында келесі жаңартылулар бар: жетілдірілген физика және интерфейс, жаңа «Париж» картасы, толығымен қайта жазылған дауыс, енді тек шын полигондарда жазып алынған дауыстар пайдаланылады, сонымен бірге танктердің 24 жаңа модельдері. Осы жаңартылумен бірге қазақ тілі де пайда болды. Барлық атаулар, терминдер және ойыншы клиентіндегі командалар, дауыстар да қазақшаға аударылған. Тілді өзгерту үшін менюде қазақ тілін таңдау арқылы 9.14 жаңартылуын жүктеп алу керек. Енді танкшілер шайқасқа түсе бастаған кезде «Шайқасқа!» командасын есітетін болады. Ал жеңіске жеткенде «Тамаша жеңіс» деп айтылады.



"Қазақстанда «Танки» ойынын миллион шақты адам ойнайды. Ойынның қазақ тіліне аударылуы ойынның региондағы сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған іс әрекеттердің бір бөлігі ғана." ,- деп Алексей Олехнович мәлімдеме жасады.

Ойынды қазақ тіліне аудару бұл Қазақстан аудиториясына арналған бірінші іс әрекет емес. Ақпан айында компания АО «Казахтелеком»-мен біріге отырып Павлодар қаласында ойын серверін ашқан болатын.

Қазіргі кезде «Танки» ойыны барлығы 39 тілге аударылған.

Дереккөз profit.kz сайты.

  • 0
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.