Apple компаниясына 40 жыл (фотошолу)

1976 жылдың 1 сәуір күні Стив Джобс Apple компаниясының негізін қалады. Қазіргі кезде компания әлемдегі ең қымбат компаниялардың бірі. 40 жылдыққа орай, компанияның тарихындағы ең елеулі оқиғаларға фотошолу жасадық.

Apple 1 ең алғашқы компьютерінің корпусы фанерден жасалған. Оны Стив Джобс пен Стив Возняк Купертинодағы гаражда жинаған.



Ал Apple 2 пластикалық корпус және мониторға ие болды. Енгізу құралдары корпусқа енбей, жеке жалғанатын.



Стив Джобс және Стив Возняк Apple II компьютерін жасау үстінде.
Стив Джобс және Стив Возняк Apple II компьютерін жасау үстінде.





1983 жылы компания Lisa компьютерін таныстырды. Компьютерге монитор, пернетақта, тышқан кіріктірілген болатын.



1984 жылы Macintosh компьютері пайда болды. Ол мониторы мен дисководы бар тұтас корпустан тұратын. Сол кездегі бағасы $2495.



Сол жылы (1984 жылы) Стив Джобс компания басқаруынан шеттетілді. Apple-нің жаңа директоры ретінде Джон Скалли тағайындалды.





1991 жылы Apple ноутбуктар шығаратынын жариялады, бірақ ноутбуктардың дизайны және өндірілуімен Sony компаниясы айналысты.



1993 жылы Newton планшеті таныстырылды. Оны жасау үшін алты жарым жыл уақыт кетті. Құрылғы қолмен жазылған текстті оқи алатын, сондықтан қойын дәптердің сандық аналогы ретінде қарастырылды.





1994 жылы QuickTake 100 сандық камерасы жарық көрді. Құрылғыны жасау және өндірумен Kodak компаниясы айналысты. Кейінірек Fujifilm өндіруіндегі QuickTake 200 моделі шықты.



1997 жылы компанияға Стив Джобс қайта оралды. Алғашқыда ген.директордың орынбасары ретінде ғана.



Келесі жылы компания iMac-ты таныстырды. Дизайнын жасаған Джонатан Айв.



Көп уақыт өтпей 1999 жылы iBook ноутбугы таныстырылды.



2007 жылы Стив Джобс алғаш рет iPhone телефонын көпшілікке таныстырды.



2010 жылы ең алғашқы iPad шығарылды. Осы жылы компания әлемдегі ең қымбат компания деп танылды.



2011 жылы 24 тамызда Стив Джобс ресми түрде қызметтен кетті. Ол өзінің орнына Тим Кук-ты ұсынды. Ертесіне Тим Кук компанияның жаңа басшысы деп тағайындалды.



2011 жылы 5 қазанда Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобс дүниеден өтті.



2015 жылдың сәуір айында Apple Watch таныстырылды



2016 жылы компания жаңа кампусқа көшуді жобалап жатыр. Кампус шеңбер түрінде жасалған және толығымен қайта пайдаланылатын энергия негізінде жұмыс жасайды.


  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.