Alibaba Group Holding Қытайдың смартфондар шығаратын Meizu компаниясына $590 млн инвестиция жасады

Alibaba Group Holding Қытайдың смартфондар шығаратын Meizu компаниясына $590 млн инвестиция жасады.

Alibaba осындай инвестиция есебінен компанияның акцияларының бір бөлігін иеленбек. Екі жақ бір бірімен стратегиялық және коммерциялық деңгейде серіктестік құрмақшы. Серіктестік нәтижесінде Meizu аппараттық шешімдері және ұялы бағдарламалар және Alibaba онлайн сервистерінің тығыз интеграциялануы мүмкін.



Жоба бойынша Alibaba серіктесіне электрондық коммерция, ұялы Интернет, мәліметтерді сараптау және ықшамды өқрылғыларға арналған операциялық жүйелер жағынан ресурстар береді. Мұндай көмек Meizu компаниясына толыққанды ұялы экожүйені қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен бірге, Alibaba-ның онлайн сервистері смартфондарды тарату бойынша негізгі канал болады.



Alibaba осы серіктестік арқылы өте тез дамып келе жатқан Қытай ұялы нарығында өз орнын нығайтуға әрекет жасап жаты. Соңғы есептеулер бойынша 2014 жылы Қытай елінде 1 млрд-тан астам ұялы телефон иегерлері бар екені айтылған болатын. Сонымен бірге Қытайда онлайн сатып алу сервистері мен төлем жүйелерінің пайдаланушыларының саны артып келеді.

goo.gl/SYr5WF

  • +2
2 пікір
9v_kz
Қытайдағы атықты BAT…
qwerty
Басқа басқа қытайдың смартфондар жасайтын компаниялары ақырғы кезде үлкен қарқынмен дамып келеді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.