Twitter топтық хаттар алмасу және видеоларды жүктеу/өңдеу мүмкіндіктерін қосты



Twitter сервиске жаңа мүмкіндіктерді қосты: топтық хаттар алмасу, топта 20-ға дейін адамдар болуы мүмкін; ұзақтығы 30 секундтан аспайтын видеоны ұялы телефоннан жүктеу, өңдеу, жариялау. Әлеуметтік желі басқа сервистерде бар мүмкіндіктерді қосуды жалғастырып жатыр.

Твиттердегі Топтық DM:


Топтық DM бірнеше достарыңызбен Твиттердің өзінде хаттар алмасуға мүмкіндік береді. Ең бастысы хаттар топаралық, яғни жарияланбайды. Хаттарды әлеуметтік желідегі кез-келген пайдаланушыға жіберуге болады.

Тағы бір қосылған мүмкіндік, ол ұзақтығы 30 секундтан аспайтын видеоларды жүктеу және өңдеу. iPhone телефонының иелері видеоларды қазірден бастап жүктей алады, ал Android үшін бағдарлама кейінірек жаңартылады. Жаңа мүмкіндік пайдаланушыларды желіде қалдыруға бағытталған. Видеоны жүктеу интерфейсі сатып алынған Vine сервисінің түрін сақтаған.

Твиттердегі видеоны Нил Патрик Харрис демонстрация жасады:


  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.