IBM 110 000 жұмыс орнын қысқартуды жобалап жатыр



Корреспондент Forbes Роберт Кринжли (Robert X. Cringely) хабарлауы бойынша International Business Machines компаниясында соңғы жылдардағы ең үлкен жұмыс орнын қысқарту жүруі мүмкін. Бірақ бұл жаңалықтың дереккөзі көрсетілмеген.

Сыбыстар бойынша қызметкерлердің 25%-ы менеджерлерден жаман хабарлама алуы мүмкін. IBM компаниясында барлығы 430 000 адам жұмыс жасаса, оның ішінде 111 800 қызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін.

Бұған дейін IBM компаниясы ірі қысқартуды 1993 жылы жүргізген болатын. Сол кезде компания 60 000 қызметкерін жұмыстан шығарды. Осы қысқартудан соң компания «сервистік» болып өзгерген еді.

Қазіргі қайта ұйымдастыру «Project Chrome» деп аталады және IBM ол арқылы темір-терсек шығаруды тоқтатып, тек ақпараттың сервистермен айналыспақшы. Яғни, тек қана есептеу бұлттары және жасанды интеллект, мәліметтерді өңдеу, және т.б.

Өткен жылы компанияның пайдасы $90 миллиард болды. Бұл оның басқа гиганттармен қатар тұруына септігін тигізген болатын. Осы үшін де көптеген аналитиктер компанияның мұндай ірі қысқарту жүргізетіне күмән келтіріп отыр.

  • Тегтер:
  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.