Mozilla Oculus Rift көзілдірігін қолдайтын арнайы Firefox нұсқасын шығарды



Firefox браузерінің Nightly нұсқасын пайдаланушылар енді Oculus Rift көзілдірігін WebVR API функциясын тексеру үшін қолдана алады. Көзілдірік иелері виртуалды объектілерді енді браузердің өзінен ақ қарай алады. Мысалыға, ондай объект ретінде 1:1 өлшемді автомобильдің 3D моделі болуы мүмкін. Ойын ролигінің бөлігі де қаралуы мүмкін. Интернет төрінде бұл көзілдірікпен қарауға болатын контент әлі де көп емес. Бірақ бұл жағдай уақыт өте келе түзеле береді. Өйткені қазіргі кезде виртуалды шындық көзілдіріктері кең таралып барады.

Oculus Rift көзілдірігінен басқа компаниялар шығарған тағы да бірнеше басқа көзілдіріктері бар. Мысалыға, Samsung Gear VR көзілдірігінде ми ретінде қосымша құрылғы — Galaxy Note 4 пайдаланылады. Microsoft компаниясы да жақында өзінің Hololens шешімін көрсеткен болатын.


  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.