LibreOffice 4.4 - революция



LibreOffice — ашық кодты, тегін офис пакеті. Ол негізінен Linux пайдаланушылары арасында кең тараған. Бірақ Windows және MacOS жүйесінде де қолдануға болады. Онда барлық дерлік қажетті пакеттер бар: мәтіндік редактор, электронды кесте, презентация және т.б. Ондағы негізгі қиыншылық құжаттарды Microsoft Office форматына ауыстыру болатын.

Бірақ 4,4 нұсқасының шығуымен бұл жағдай айтарлықтай өзгерді. Әрине, жақсы жағына қарай. Оңайлатылған интерфейс және doc,docx форматтарының жетілдірілген қолдауы пайдаланушылардан жақсы пікірлер алып жатыр.

Өзгерістер бағдарламаны қосқаннан бірден көзге түседі.





Интерфейс бұрынғыдан да әдемірек және түсініктірек болған. Бағдарамалар заманауи көрініс алған. Қаптаған батырмалар мен көптеген менюлерге қарамай бағдарламамен жұмыс оңайлай түскен.







Ең бастысы MS Office файлдарының қолдануы жақсартылған. Нәтижені революциялық деп атауға да болады. Бұрындары конверттеу кезінде қате шығып немесе белгісіз себептермен конверттелмейтін файлдар енді ODF форматтарынан DOC/DOCX форматына және керісінше ешбір қиындықсыз конверттеледі. Нәтижені идеалды деп айтуға келмейді, бірақ айтарлықтай жақсартулар бар.







Кейбір пайдаланушылар бұл нұсқаны 5-нұсқа деп атауға да болатын еді деп айтып жатыр. Өйткені жақсартулар өте үлкен және көзге көрінерлік.

  • +4
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.