Linux жүйесін кім жазады?



Linux Foundation “Who Writes Linux” (“Linux Kernel Development”) деп аталатын есептің жаңа нұсқасын жариялады. Демек дүние жүзінде ең кең таралған тегін жүйенің қалай жазылып жатқаны туралы статистикалар алуға болады. Алдыңғы есеп тек 2013 жылдың қыркүйек айында шыққан болатын. Қазіргі есеп linux ядросының 3.11 және 3.13 нұсқаларын қамтиды.



Статистикадағы ең қызық жайт, ең көп өзгертулер ерікті бағдарламалаушылар тарапынан жасалған. Олардың жалпы жасаған өзгертулері кез-келген ұйымның енгізген өзгертулерінен көп. Оны мына кестеден көруге болады:



Өткен жылдары тәуелсіз бағдарламалаушылардың үлестері одан да көп болған (14.6 %), бірақ олардың төмендеуі бірнеше жылдан бері байқалып келеді, оны Линус былай түсіндірді «Линукс ядросына кодтар жаза бастаған адамдар жұмысты тез табады».

Линустың өзі ақырғы жылдары код жазудан қалған. Ол ядро жазушылардың активті 30-дығына да кірмейді. Патчтарды тексеруде де алғашқы 20-лыққа кірмейді. Оның орнына көптеген басқа ядроны белсенді жазатын бағдарламалаушылар келуде. Мысалыға: Грег Кроа-Хартман (Greg Kroah-Hartman) 13 028 патчты (14,4%) тексерген. Ал Линуста бұл көрсеткіш 329 патч (0,4%).

Қалай болғанда да Линукс тарихтағы ең жақсы Open Source жоба деген атағын сақтап тұр. Мұндай статистикаларды жүргізу 2005 жылдан басталған. Сол кезден бері ядроны жазуға 11 800 бағдарламалаушылар қатысыпты. Бұл тек ядро екенін ескерте кеткен жөн, линукс қанаты астында басқа да жобалар керемет дамып келе жатқанын айта кеткен жөн.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.