Microsoft .NET және Mono жобалары кодтарының бірігуі басталды
- qwerty
- Open source / 11 ақпан 2015, 09:29
- 1187
Mono жобасының сайтында Microsoft .NET жобасының кодымен бірігу басталды деген жаңалық пайда болды. Microsoft .NET жақында MIT лицензиясы бойынша ашық деп жарияланғаны естеріңізде болса керек.
Қазірдің өзінде Mono жобасына .NET стандартты кітапханасының көпшілік бөлігі өткізілген. Болашақта екі жобаның кодарын толық синхронизациялау жобаланып жатыр.
Атап айтқанды келесі атаулар кеңістігі өткізілген:
- System.Collections
- System.ComponentModel
- System.Diagnostic.Contracts
- System.Linq.Parallel
- System.Text.RegularExpressionsx
- System.Runtime.CompilerServices
- System.Threading
Осы өзгерістердің барлығы Mono 4.0.0 нұсқасында пайда болады.
Бұған дейін Microsoft .Net кодын ашық деп жариялаған соң Mono-ның болашағы белгісіз еді, яғни жоба ары қарай дамиды ма жоқ па. Бірақ осы жаңалықтан соң екі добаның бірге дамуы әбден мүмкін екендігі көрініп тұр. Басында әсіресе linux қоғамында бұл ашылуы қуаныш пен күдік тудырғаны белгілі, оны кейбір пайдаланушылар келесі суретпен жеткізбек болған:
Енді осы жаңалықтан соң барлығы жақсы болатынына сенеміз :)
-
+5