Microsoft Office бағдарламаларынан LibreOffice бағдарламаларына өту Италия әскерилеріне 29 млн еуро үнемдеуге мүмкіндік береді
- amantai
- Open source / 13 мамыр 2016, 10:36
- 1310
Италияның қорғаныс министрлігі ақылы бағдарламаларды open-source бағдарламаларға ауыстыратындығы туралы хабарлады. Негізінен, Microsoft Office-ні тегін LibreOffice-ге ауыстыру туралы айтылып жатыр. Әскерилердің айтуынша мұндай әрекет 29 млн еуро үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, армияда құжаттардың жаңа ODF (Open Document Format) форматы қабылданады.
«Microsoft Office бағдарламаларының лицензия мерзімі аяқталуға жақындағанын ескере отырып, 2017 жылы бізде LibbreOffice пайдаланушылар саны 75000-ға жетеді, ал 2020 жылы тағы 25000 пайдаланушы қосылады»,- деп хабаралады генерал Камилло Силео (Camillo Sileo). Open-source бағдарламаларға өту жобасы қазірден іске асырылып басталды және қазір 5000-дай жұмыс орны LibreOffice-ға ауысқан.
Тегін бағдарламаға өту сәтті аяқталуы үшін әскерилер жаңа бағдарламаны пайдалану туралы арнайы курстар жүргізуде. Жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
«Біз жұмысты болуы мүмкін келеңсіздіктерді бағалаудан, операторларды жаттықтыру және қызметкерлермен сөйлесуден бастадық. Қазір LibreOffice-ні пайдаланушыларға үйрету курстарын жасап жатырмыз»,- деді генерал.
Еске ала кетсек қазір open-source бағдарламаларға Еуропаның көптеген әскери құрылымдары өтіп жатыр (Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Испания және Франция).
-
+1