Gedit және оның қосымшасы "Сыртқы құралдар"



Ақырындап басқа блокта жазылған мақалаларды осында көшіріп жатырмын. Пайдасы тиіп қалар :-). Бұл мақала vim-ге кіріп шыға алмай қалып жүрген кезде жазылған. Shell скрипттерді жазуды енді бастап жүргендерге бір пайдасы тиер деген ойдамын.

Gedit мәтіндік редакторының көптеген қосымшаларының ішіндегі ерекшесі және көптеген жағдайда пайдалыларының бірі «Сыртқы құралдар» (Внешние инструменты). Оның негізгі қызметі редакторда тұрып операциялық жүйенің командаларын орындауға, сонымен қатар, командалардың нәтижесін осы редакторда көруге мүмкіндік береді. Бұл қосымшаның редактордың тағы бір «Кіріктірілген терминал» (Встроенный терминал) қосымшасымен ұқсас жақтары болуы мүмкін. Бірақ, сыртқы құралдар қосымшасы кіріктірілген терминалға қарағанда көбірек мүмкіндіктер береді. Мысалы ретінде «Сыртқы құралдар» қосымшасы арқылы gedit редакторынан bash скрипттерді орындауға болатын құрал жасап көрейік.

Біріншіден, гедитте «Сыртқы құралдар» қосымшасын қосымуыз керек. Правка => Параметры => Модули және осы жерде «Сыртқы құралдар» қосымшасын іске қосамыз.

«Сыртқы құралдар» қосымшасын іске қосу

Қосымша іске қосылған соң «Сыртқы құралдарды басқару» (Управление внешними средствами: Сервис => Внешние инструменты...) терезесін ашамыз:



Бұл терезеде негізгі сыртқы құралдарды жаңадан құруға, өзгертуге болады. Егер осында бар құралдарды қарап көретін болсақ, онда бұл құралдардың жай ғана shell скрипттер екенін көреміз. Ал бұл өте көптеген мүмкіндіктер береді. Егер де «Окно вывода» пунктін «Отображать в нижней области» деп таңдасақ, онда командалардың орындалу нәтижесін, тікелей редактордың төменгі панелінен (Вид => Нижняя панель) көруімізге болады. Енді ең негізгі қосымшаның пайдалы тұсы ол осы скрипттерде gedit редакторының арнайы айнымалыларын пайдалануға болады. Бұл айнымалылар негізінен көбінесе снипеттер жасауда қолданылады. Бірақ, олардың сыртқы құралдарды жасауда да көмегі зор.

Енді мысалымызға қайтып оралып, осы өзгертіліп жатқан файлды скрипт ретінде орындайтын құрал жасап көрейік. Ол үшін гедиттің $GEDIT_CURRENT_DOCUMENT_PATH (редакторланып жатқан файлға дейінгі абсолютті жол) арнайы айнымалысын пайдаланамыз. Сыртқы құралдарды басқару терезесінде жаңа құрал қосамыз және оған төмендегідей скриптті жазамыз:

#!/bin/bash
$GEDIT_CURRENT_DOCUMENT_PATH




енді бұл құралға пернелер комбинациясын беруге, және нәтижесін төменгі панелде көрсететіндей етіп жасауға болады. Мен пернелер комбинациясын Ctrl+F9 ретінде бердім. Енді кез-келген файлда Ctrl+F9 басу арқылы файлды bash скрипт ретінде орындай аламыз және натиже төменгі панелде көрінетін болады:



Бірінші құралымыз өте қарапайым болды. Бірақ, біз ол құралды скриптке параметр беруіміз керек болса қолдана алмаймыз. Сондықтан тағы бір скрипт жасаймыз. Яғни, параметрлер берілуі керек болатын скрипттер үшін:

 #!/bin/bash
PARAMETERS=`zenity --entry --title="Введите параметров скрипта"`
$GEDIT_CURRENT_DOCUMENT_PATH $PARAMETERS






Осылай көптеп жалғастыра беруге болады. Тағы да bash скрипттер үшін пайдалы құралдар ретінде ерекшеленген текстті bash команда ретінде орындайтын:

#!/bin/bash
$GEDIT_SELECTED_TEXT 

және қатарды орындайтын құралдар жасауымызға болады:

#!/bin/bash
$GEDIT_CURRENT_LINE

Мұнда бұл құралдың қолданылуы өте көп, bash скрипттерді орындау бұл жай кішігірім мысал ғана болады.

  • +4
1 пікір
samlabs821
Жақсы жазылған, рахмет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.