Квест шешіп үйренеміз


Шынымды айтсам, мына квестімнің тізесі шықты. Бүгін тұп-тура бір жыл болған екен бұл квестті құрғаныма. Барлық дерлік блогтұғырларда жариялап шыққан едім, мында жарияланбай қалыпты, сәйкесінше бұл квестті бұл сайттағылардың ішінде әлі көрмегендер бар екен, сондықтан осында тағы бір жариялап жіберуді жөн көріп отырмын. Неге? Жақында осы квесттің жалғасын шығармақшымын, мынау как бэ ширату ретінде болсын.

Ойын шарты былай. Сілтемеден архив файлды жүктеп аласыз. Ощм ақ сандықтың ішінде көк сандық дегендей, архивтің ішінде архив бар, бес дәрежелі. Яғни бес архив бірінің ішіне бірі салынған. Әр архивті кілт сөз енгізу арқылы ғана аша аласыз. Кілт сол архивпен бірге келген файлдарда жасырылған. Сіздің мақсатыңыз, әр архивке дұрыс кілт сөзін тауып, соңына дейін жету.
Өтініш: Пікірге кілт сөзді жарияламауыңызды сұраймын. Талқылауға болады, бірақ жауабын жазып басқа біреудің кәйіпін бұзбаңыздар.
Ал кеттік! Мұрағатты мына жерден жүктеп аласыз.
https://cloud.mail.ru/public/23fcecbe2dd1%2F0.rar
p.s: Жауаптарын көріп, оқып қойғандар үндемей отырсын.

  • +3
15 пікір
Abylai_adil
кезінде, бұл квесттің түбінде жеткенде Activ номеріне арналған мың бірліктің номері жасырылған еді, ешкім шеше алмағасын, ақыры өзім салып алдым )))
kamyrov
Абылай бүл жолы да 1000 бірлік болсын, есепті шешудің желаниесін одан да арттырады)))
Abylai_adil
екінші квестте 1000 бірлік бар :)
kamyrov
Ок, келістік!) Шешеміз, шешілмейтін мәселе жоқ қой)
Abylai_adil
Архив жүктеліп жатыр ма?
kamyrov
Жүктелді, бірақ архив №1 екінші реттен ғана ашылды, неге екенін білмедім, пароль бір болды
Abylai_adil
дұрыс архивтер боу керек негізі. Ашылса болды
kamyrov
Айта беріндер, мен екінші есікке тіреліп қалдым)
Abylai_adil
екіншісінен әрі қарай кете алмағандары қаншама :)) дауай дауай! ойлан!
kamyrov
Фотошопты ашып, ол суреттегі пипетка арқылы түстін кодын ашып көргендер көп болды ма екен, мен сияқты?)
Abylai_adil
аха көп көп )))
Бірақ жақындап келе жатырсың! сәл ойлансаң болды
kamyrov
Бұрын квестті шешіп көрмегендіктен, қуып кеттім-ау деймін, файлдын шыққан күнін қарап, размерін қарап жүрмін), кішкенеден соң жалғастырамын, жұмыс күні бітсін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.