Telegram: Кодеодан MTProto Proxy Server


Телеграм мен Роскомнадзор арасындағы болып жатқан соғыс әр соғыстағыдай технологиялық ілгерілеуге алып келіп жатыр. Кеше ғана Телеграм бұғаттауларды айналып өтуге мүмкіндік беретін MTProto протоколына арнайы прокси сервер жасағанын жариялады. Мұның бізге қандай қызығы бар десек, Қазақстанда не үшін екенін ешкім білмейтін, ешкім дұрыстап та түсіндіріп бере алмайтын жағдай орын алып жатыр, яғни күніге кешке 21:00 — 22:00 арасында телеграм істен шығып қалады. Неліктен мұндай жағдай орын алып жатқанын Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің министрі Дәурен Абаев та түсіндіріп бере алмады. Сондықтан біз де бұғаттауларды айналып өтетін прокси қосып алсақ жақсы болар еді.

Ақпараттың еркін тарауының жақтастары ретінде Қазақстан Телеграм пайдаланушыларына өз MTProto прокси серверімізді ұсынамыз. Оны мына сілтеме арқылы қосып ала аласыздар.

Осы сілтемеге өту арқылы прокси баптауын қосып қою керек:

Ескерту! Прокси телеграмның соңғы нұсқасында пайда болды. Сондықтан сілтемеге өтпес бұрын телеграмды жаңартып алыңыз.

Егер тек прокси баптау керек болған болса осы жерден кері қайта берсеңіз болады. Ал егер прокси серверді іске қосу туралы толығырақ оқығыңыз келсе төменірек түсіңіз.

MTProto Proxy


  • Бұл типті прокси тек Телеграммен ғана жұмыс жасай алады, басқа сервистерге қолдану мүмкін емес
  • Клиент және сервер ашық мәліметтермен алмаспайды, яғни прокси сервер логин/пароль деген секілді мәліметтерді көре алмайды, барлық мәліметтер шифрланған күйі алмасылады
  • Протокол деңгейінде жазылғандықтан қарапайым проксиге қарағанда жылдамырақ жұмыс жасайды

Орнату


Прокси серверлерді орнатуды оңайлату үшін докер контейнер жиналып қойылған. Сондықтан оны көтеру бір-екі ғана команда болмақ. Іске қосу:

$ docker run -d --net=host --name=mtproto-proxy --restart=always \
-v proxy-config:/data telegrammessenger/proxy


Контейнер қосылған кезде арнайы құпия кілт генерациялайды. Ол клиенттер прокси серверге қосыла алуы үшін қажет. Кілтті логтан тауып ала аласыз:

$ docker logs mtproto-proxy</p>
<p>[+] Using the explicitly passed secret: 'b7e70329dcf3721c4239b86ad32a90b8'.
[+] Saving it to /data/secret.
[<em>] Final configuration:
[</em>]   Secret 1: b7e70329dcf3721c4239b86ad32a90b8
[<em>]   tg:// link for secret 1 auto configuration: : tg://proxy?server=81.177.103.94&port=443&secret=b7e70329dcf3721c4239b86ad32a90b8
[</em>]   t.me link for secret 1: tg://proxy?server=81.177.103.94&port=443&secret=b7e70329dcf3721c4239b86ad32a90b8
[<em>]   Tag: no tag
[</em>]   External IP: 81.177.103.94
[*]   Make sure to fix the links in case you run the proxy on a different port.



Құпия кілт


Егер құпия кілт генерация жасалуын қаламасаңыз өзіңіздің кілтіңізді көрсетуге болады:

$ docker run -d --net=host --name=mtproto-proxy --restart=always \
-v proxy-config:/data -e SECRET=b7e70329dcf3721c4239b86ad32a90b8 \
telegrammessenger/proxy



Тек бір ғана емес 16 кілтке дейін үтір арқылы бірнеше кілтті көрсете аласыз:

$ docker run -d --net=host --name=mtproto-proxy --restart=always \
-v proxy-config:/data -e SECRET=b7e70329dcf3721c4239b86ad32a90b8,afccd434fb32248f29f033b189bd8541,878397a50627deb349d4c296bd9dc3c2 \
telegrammessenger/proxy



Немесе кілттердің көрсетіп отырмас үшін қанша кілт генерациялануы қажеттігін SECRET_COUNT айнымалысы арқылы көрсетуге болады:

$ docker run -d --net=host --name=mtproto-proxy --restart=always \
-v proxy-config:/data -e SECRET_COUNT=5 telegrammessenger/proxy



Сервердің қуаты жайлы


Прокси сервердің әр процессі мыңдаған қосылуларды (connection) ұстай алады. Әр ядрода максимум 60 мың қосылуға дейін көтеруге болады. Контейнерде бастапқыда 2 процесс іске қосылады. Бірақ олардың санын да WORKERS айнымалысы арқылы көбейтуге болады (серверіңіздің шамасына қарай, әр ядроға бір процесс болғаны дұрыс).

$ docker run -d --net=host --name=mtproto-proxy --restart=always \
-v proxy-config:/data -e WORKERS=16 telegrammessenger/proxy

Жарнама


Бұл бөлім телеграмда каналдары барлары үшін қызық. Телеграм прокси сервер иелеріне каналдарды монетизация жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, прокси серверге қосылған кезіңізде сіз прокси иесінің каналына автоматты түрде жазыласыз.



Прокси серверге каналды байлау үшін @MTProxybot боты арқылы арнайы кодты алып, оны контейнерге TAG айнымалысы арқылы беру керек:

$ docker run -d --net=host --name=mtproto-proxy --restart=always \
-v proxy-config:/data -e TAG=85174e9e0ffa43c0d3a7167e52175268 \
telegrammessenger/proxy:latest



Прокси серверді жаңарту


Прокси серверде жиі өзгерістер болмайды, бірақ серверді жасағандар оны күніне еш болмағанда бір рет жаңартып тұруды кеңес беріп жатыр.

  • 0
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.