avatar
Керемет аударылған, түсінікті. Рахмет!

avatar
Кітап болмаса да, бастап жатқандарға пайдалы материал болады деп үміттенемін. Әлі жұмыс көп, 4 бөлім бар, әрқайсысында 3-4 мақаладан. Ал ағылшыншада одан да көп )) орысшаға аударманың өзі толық бітпеген )

avatar
Райымбек, осылай ақырындап өзінің линукс жайлы кітабынды жаза бастасан болады екен ғой), рахмет!

avatar
Мақалада кейбір орысша сөздер келесі түрде аударылды:
руководство — нұсқаулық
оболочка — қабықша
текущая папка — қазіргі папка
относительные пути — қатысты жолдар ("қазіргі папкаға қатысты" мағынасында)
домашняя директория пользователя — пайдаланушының жеке папкасы

Қателіктер мен бұл аудармалардан дұрыстау нұсқалар болса, ұсыныстар күтемін.

avatar
Кеше Rozetked арнасының жігіттері Android Auto-га тамаша обзор жасады: Видеосы осында ...

avatar
Өте пайдалы), рахмет!

avatar
Ия индексте h1 — h6 тегтеріне мән береді. Себебі ол тегтердің басқа тегтерге қарағанда релеванттылығы маңызды. Бұл жерде релевантты деп отырғаным маңыздылығы. Ал h1 — h6 тегтеріне келетін болсақ бұлардың ішінде де ары қарай маңыздылығына қарай бөлінеді. Бір бетте бір ғана h1 тегінен артық тег болмауы керек. Поисковик боттары тақырыптың қайсы екенін ұғуы үшін, ал h2 тегі біп бетте 3-4 болса жарай береді.
h1 тегі болғанымен жалғыз ол фактор рөл атқармайды, оған тағы title тегін апарып қосамыз. Яғни title мен h1 дегі тақырып бірдей болсақ салмағы жоғарлайды.
Браузер негізінен тақырыпты title -дан оқиды. Бірақ ол роботтың көзіне шұқып тұрып шынымен де тақырып осы деп көрсету үшін h1 қосымша болмақ.
Өз тәжрибеме сүйенетін болсам мынадай қызықты байқағанмын: Wordpress шаблондарында көбіне тақырыпты h2 беріп жатады. Оны мен шаблонда h1-ге өзгерткенімде үлкен айырмашылық берді. Ақпарат іздей келе h2-ге қарағанда h1 салмағы жоғары екен.
Болмаса қазір стильдер арқылы кез-келген элементті тақырып секілді етіп қоюға болады
Cascading Style Sheets арқылы ұқсатып қойып жатады. Қайта сол h1 тегіне беріп css қолданған жөн :)
Мұндай факторлар өте көп, қазір ойлап отырмын. Әр тақырыпты жеке-жеке қозғап, мысалмен жазып көрсетуге тырысамын. ЧПУ, link, croslink, related т.б. жеке-жеке тоқталып шығамын. Әзірге қызық болса мына ақпаратты ұсына аламын. www.bing.com/webmaster/help/webmaster-guidelines-30fba23a

avatar
Менде сұрақ туындап тұр:
>>> «Мен іздеу сайттарында „Астана бокс қазақстан кубогы“ деп жазып іздесем, осы мақала бірінші болып атып шығады.»
сонда түсінгенім бойынша, google/яндекс сайтты индекстегенде, h1 — h6 тегтеріне ерекше мән береді ме?

Егер солай болса, google робот оны тақырып деп алынуы үшін, міндетті түрде осы тегтермен жазылуы керектігі мақалада айтылуы керек сияқты. Болмаса қазір стильдер арқылы кез-келген элементті тақырып секілді етіп қоюға болады :-)

avatar
«ол тілдің қолданыс аясы, ғылыми-зерттеу салаларындағы ресурсы жеткіліксіз болса, әрине белгілі бір кедергі пайда болуына себеп екені түсінікті» қазақ тілін кедергі пайда қылмайтын ету керек, ең басты мақсат осы

avatar
Қандай тамаша жазба. Маған ұнады.
Тіл — құрал ғана. Сіздің бірнеше тіл білгеніңіз — қолыңызда бірнеше құрал бар дегені, ал оларды жақсы білсеңіз, демек ол тілдің мүмкіндігін пайдалану барысында барынша молынан пайда көресіз дегені екен. Алайда, ол тілдің қолданыс аясы, ғылыми-зерттеу салаларындағы ресурсы жеткіліксіз болса, әрине белгілі бір кедергі пайда болуына себеп екені түсінікті.

Қай тілді ортада болсаңыз да, өсіңіз, жетіліңіз, нәтиже шығарыңыз. Пайдалы мәліметті басқамен бөлісу, адамгершілік. Адамгершілігіңіз — ұлтыңызға арналсын дегеннен басқа айтар жоқ.

avatar
Бұл тек бастамасы болсын. Айтарың көп, амиго. Жалғасын күтемін. Әлі де жан-жақты зерттелуі керек тақырып.

З, Ы,: Осындай пост үшін, рақмет!

avatar
Бір мақалаға татитын комментарий жазыпсың ғой )). Келісемін, егер адамның өзінің ыңғайы болмаса, қанша бұрсаң да ол саланы меңгере алмайды, менің ойлап отқаным, қазақтың мектепте жүріп бұл саланың бар екенін де немесе бұл салада не жұмыс істейтінін білмейтіндер көп. Егер солар ең болмағанда мектеп кезінен осы саламен танысса бізден де таланттар табылып Стив Джобс пен Билл Гейтс секілді адамдар шыға ма деген ой ғой.

Мектеп жастары дейміз, шынын айтайын, үлкендердің өзінен көпшілігі «программист, тестер, проект менеджер, аналитик» деген сияқты мамандықтарды бір-бірінен ажырата бермейді. Олар үшін бұл салада істейтіндердің барлығы хакерлер :).

avatar
Қазақша контент мәселесі шынымен де өзекті тақырып болып тұрғаны…

avatar
Жазылып қойдық. Бейне сабақтарыңды күтеміз. Алға :)

avatar
Райымбек рахмет. Осы жазбаны оқып отырып, менің де кішкене болса да білгеніммен бөлісіп, сайтты қайта жандандыруға тырысатын үміт силадың. Осы сен қозғап отырған тақырыпқа өзімнің ойымды білдіріп шықсам:
Ия толықтай келісемін. Мектеп табалдырығынан аттаған соң, алғаш жөн сілтеп, бағыт ұсынатын ол — мектеп қабырғасы. Бірақ оны тежейтін біршама факторлар бар.
Өкінішке орай мен өмірлік тәжрибемде біраз жағдайларды көріп жатырмын. Оның бір мысалы ана-ана.
Республткалық олимпиадада математикадан орын алып жүрген жас баланың ата-атасы компьютерде отыруына қарсы. Өз көзіммен көрдім сондай ата-ананы. Көзің ауырады деп баласын компьютерден шектеп жатыр. Болашақта ол баладан мықты программист шығатын шығар, бірақ баланың қызығушылығын шектеуде.
Екінші жағдай ол мұғалімдер. Қазіргі кезде ауылда информатика пәні мұғалімінің орнына физика, математика пәнінің мұғалімі сабақ беріп жатыр. Отырғызып қойып сонау Windows 98 ге арнайы жазылған кітаптағы ақпаратты көшіртіп қояды. Интернеттен ақпаратты ала сал, интернетте ақпарат бар деп оқытады. Бірақ ол интернет арнайы ақпарат сақтайтын орын, онда өзің ақпарат салмасаң, дайын толып тұрған ақпарат жоқ деп оқытқызбайды. Осындай секілді факторлар көптеп тізіп айтып отыра беруге болады. Бірақ бұл шешім емес. Басқа жақтарын қарастырған жөн секілді.
Қазақтар қос тілді жақсы меңгерген. Яғни қазіргі таңда менің ойымша 80-90 пайыз қазақтар орын тілін аса бір жетік білмесе де, ақпаратты тұтынуға болатындай дәрежеде біледі. Бұл дегеніміз тек қазақша контентті тұрынбай орысша контентті де тұтына алады. Осы кезде қазақша ақпарат болмаса, орысша ақпаратты іздеп тұтына береді. Ал Экономикада қолданатындай сұраныс бер жерде, ұсыныс пайда болады. Сұраныс жоқ болса, ұсыныс та жоқ. Қазіргі кезде осындай біл сала бойынша бағытталған қазақша контентке сұраныс бар деп айта алмаймын. Қазақ тілі қатты айтқанда бытовой язык деңгейінен шыға алмай жатыр. Оны мойындау керек. Бірақ қол қусырып жылаған баланың әңгімесін айтпай, еңбек ету керек. Бүгін болмаса ертең сұраныс пайда болады. Бәрі уақыт еншісінде.
Ал енді өзіме келетін болсақ. Қазақтың баласы болсам да, қазақша осындай ойы жинақы мәтін жазып, өз ойымды емін еркін жеткізе алмаймын. Яғни жалпыға ортақ түсінікті мақала жазуым өте қиын. Өзгелер былай тұрсын, өзім жазғанымды өзім түсінбей қаламын. Оның бір себебі кітап оқымағандығым деп білемін. Қазір кітап оқиын десем де, мүлдем болмайды. Кітап мен үшін еме екен. Сондықтан жазбаларым шатасып, бір ой басында, басқа ойға кетіп қалып, бастапқы ойды соңында бітіріп жатамын :)
Менде ниет болды болашақта программист болсам екен деп. Өкінішке орай олай болмай шықты. Себебі 1 курс оқып жүргенде қарапайым Паскаль тілінде бағдарлама құра алмағанымда, болды менен программист шықпайды деп қойдым. Менімен бірге бір жылы түскен группаласым болды. Өмірі компьютерде отырмай, алғаш студент болғанда компьютерге отырды. Бірақ бәрімізді басып озып, қазіргі таңда өте жақсы программист болып шыға келді. Себебі оның ойлау қабілеті басқаша еді. Сондықтан адамның да санасына бермесе қиын екен. Қазіргі таңда досым бір универдің документ оборот бағдарламасын жазып жатыр. Қазір оған қарап отырып қуанасың.
Сондықтан адамның икемі болмаса қанша кітап оқысын, көрсетсін миында алгоритмін құра алмас ақиын.

Менің де аса бір асып бара жатқан білімім жоқ. Сол өз тәжрибемде көрген, SEO туралы жазбаларды жандандырмақ ниеттемін. Енді сол ойлап отырмын, жазба жазғанда алдымен қағазға жазатын тақырыбымның жоспарын сызып аламын.
1.
2.
3. Қортынды дегендей. Осылай жазып көрейін :) Мүмкін түсінікті, қызықты жазба жазып үйреніп қалармын. Рахмет.

avatar
Райымбек жақсы айттың! Өзім университетте дипломдық, диссертациялық жұмысты жазуда арнайы кітапханаға барып қазақша IT байланысты кітаптар іздедім. Шыны керек, қазақтілді материалдар ескі немесе нақты сала бойынша жоқ. Қазақша контентті өзіміз қалыптастырмасақ, шынымен сол бір ескі жартас сияқты бола береді.

avatar
Жақсы мақала, сенімен келісемін Раимбек! Мен университетте оқыған кезде қазақша бейнесабақтарды жасағанда, маған достарым: «Ерлан, қайтесін, сене басқа ол сабақтарды ешкім жасамайды, оқымайды да. Қазақ тіліндегі ақпаратқа сұраныс жоқ» — деп мені тежеді(. Соңғы кездері бейнесабақ жасайтын уақыт та табылмай жатыр, бұйырса ойлар көп, көбейтуге тырысамын контентті. Айтпақшы, достар, арнаға жазылыңыздар: www.youtube.com/user/ErlanKamyrov

avatar
Жарайсын Раимбек!) Cүйікті ойынымды командалық жолда ойнайтын болдық енді)

avatar
Әп-әдемі қыздарды қойып қойса болады ғоҰә :)

avatar
Google analytics-қа соңғы кездері жиі кіретінім соншалықты, тіпті мына адамдарды танымасам да жек көріп кеттім. Тітіркендіреді