Musio - адамдармен сөйлесіп қана қоймай әзілдесе алатын робот



Musio бұл батыста шыққан жаңа стартап. Резонанс тудырған көптеген стартаптардың арасында ойып тұрып орын алған. Оны жасаушылардың айтуы бойынша musion адаммен сөйлеседі, әзілдеседі оған қоса «ақылды» гаджеттерді басқара алады.



Роботта сөйлесудің үш режимі бар — қарапайым (simple), ақылды (smart) және өте ақылды (genious). Ол тек тіке сұрақтарға жауап беріп қоймай, қожайының репликаларымен әзілмен жауап қайтара алады (әзірге әлі сәтті емес). Сонымен бірге, телевизорларды, кондиционерлерді өшіріп қосу, жаңадан келген хаттар туралы хабарлау, календар бойынша жобадағы жұмыстар туралы хабарлау секілді қызметтер атқара алады.

Musio негізінде машиналық үйрену технологиясы жатыр. Соның арқасында робот жаңа сөздерді, жаңа репликаларды есте сақтап қала алады. Адамның эмоциясын анализ жасап өзінің келесі әрекеттерін соған қарап құра алады. Керек десеңіз қожайынын құшақтап алуы да мүмкін.

Бірақ әлде де musio тек прототип ретінде бар және көбінесе алдын ала дайындалып қойылған сценарий бойынша жұмыс жасайды. Оны жасаушылар Musio сатуға шығарылғанға дейін онымен әңгіме толығымен интерактивті түрде болады деп уәде беріп жатыр. Роботтың бағасы $99 болмақ.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.