Mail.Ru Group "Mail.Ru Агент" дамытуын тоқтатып ICQ брендімен айналысады
- amantai
- IT-жаңалықтар / 9 маусым 2015, 17:58
- 1588
Mail.Ru Group «Mail.Ru Агент» және ICQ мессенджерлерін бір платформаға біріктіреді және оны тек ICQ брендімен ғана дамытатын болады. Сөйтіп «Mail.RU Агент» сервисінің дамытылуы ақырындап тоқтатылады.
Осындай әрекетпен холдинг шығынды оптимизациялауға әрекет жасап жатыр. Екі өнім де өте ұқсас және оның екеуіне де қаржы жұмсаудың қажеттілігі жоқ.
Mail.Ru Group өкілі Таюпованың айтуы бойынша ешкім пайдаланушыларды зорлықпен ICQ месенджеріне өткізбейді. Екі өнім де жұмыс жасауын тоқтатпайды, бірақ ICQ қолға алынып дамытылады.
Негізі Mail.Ru Group екі мессенджерді бір платформаға біріктіруді 2011 жылы бастаған болатын. Қазіргі кезде екі мессенджердің де пайдаланушылары бір-бірін достар қатарына қосып, сөйлесе алады.
ICQ кезінде кең тараған мессенджер болып, оны 2010 жылы Юри Мильнердің DST фонды $187,5 млнға сатып алған болатын, кейінірек ол Mail.Ru Group қол астына өтті. 1997 жылы ICQ мессенджері қосылғанына бір жыл болғанына қарамай 7 млн пайдаланушы жинап үлгерген болатын. Ол сол кездегі бүкіл интернет пайдаланушыларының 10%-ы. Кейінірек мессенджер аудиториясын жоғалта бастады — 42 млн пайдаланушыдан (2011 жылы) 11 млн пайдаланушыға дейін (2013 жылы).
«Mail.Ru Агент» болса 2003 жылы пайда болды және алғашында тек дербес компьютер үшін ғана шығарылған болатын. Ал танымал нокиа мобильді телефондарына арналған нұсқасы 2008 жылы шығып, 2010 жылы басқа да платформаларда пайда болды.
Mail.Ru Group айтуы бойынша, 2015 жылдың мамыр айында ICQ аудиториясы 11 млн адам болған, ал «Mail.Ru Агент» – 18,8 млн. TNS мәліметі бойынша Агент бағдарламасын ай сайын 708 мың адам, ICQ-ді 480 мың адам пайдаланады екен.

-
+1
Қазіргі бәсекелес заман уақөытында, қазақтар үшін, қазақша деп бизнес жүргізе алмайсың!