Microsoft PowerShell-ға SSH қолдауын қосуды жобалап жатыр
Microsoft өзінің Linux-қа жақындық әрекеттерін жалғастырып жатыр. Кез-келген линукста жұмыс жасап көрген адам ондағы ssh-мен қашықтықтан басқару қаншалықты тамаша құрал екенін біледі. Ол арқылы жүйені ешқандай интерфейссіз ақ толығымен басқаруға болады. Міне енді Microsoft та PowerShell-ге де осындай мүмкіндіктерді қосуға әрекет жасап жатыр.
Бұл негізі реті бойынша үшінші ұмтылыс. Бастықтарының ауысқанына байланысты бағдарламалаушылар тағы бір рет осындай мүмкіндіктерді қосуға әрекет жасап көрмекші көрінеді. Олар ол үшін OpenSSH жобасына өзгеріс ендіріп екі қоянды бір оқпен атпақшы. Яғни, жобаға да пайдалары тиеді және PowerShell-де SSH пайда болады. Осының арқасында Windows жүйесінен Linux-қа және керісінше SSH арқылы байланыс орнатуға болады.
Бірақ SSH-ны пайдалануды мүмкін ету енді ғана басталған болып, бағдарламалаушылар бұл мүмкіндіктің қалың халайыққа қашан ұсынылатынын басып айта алмай жатыр.
SSH-ның не екенін білетін бұл халайыққа бұл қуанышты хабар екенін айтып та отырудың қажеті жоқ шығар. Егер бұл жоба аяқталса Putty секілді бағдарламаларды пайдаланудың қажеті болмай қалады. Сонымен бірге Windows жүйесін тек RDP ғана емес SSH арқылы басқару мүмкін болатынына да үміт бар.
-
+2