Linux

36 оқырман, 27 жазба
+5.77

Linux туралы

iSCSI target және iSCSI initiator (client) баптау

Дереккөз: dreamcatcher.ru/linux/010_iscsi.html Аты: Using iSCSI On Debian Lenny (Initiator And Target) Аударма жасаған және эксперимент жүргізген: мен Бұл анықтамалықта Debian Lenny операциялық жүйесіндегі басқарылатын iSCSI target және iSCSI initiator (client) жұмыстарын баптауларын қарастырамыз. iSCSI хаттамасы storage area network (SAN) хаттамалар жүйесіне кіреді. Ол iSCSI target-те орналасқан қойманы ethernet арқылы...


  • +2

SSH пайдаланушыларына жаднама

SSH бұл — linux жүйелеріндегі таптырмас құрал. Linux серверлерге қосылу, оларды әкімшілендіру, ssh болмағанда қандай қиын болар еді. Сондықтан, онымен жұмысты жеңілдететін және оны тағы да жақынырақ түсінуге мүмкіндік беретін осы мақаланы аудардым. Мақаланың түпнұсқасы мұнда орналасқан. Мақала өте ауқымды болғандықтан, тек өзім пайдаланатын және ең пайдалы деген бөлімдерді аудардым. Егер барлық мақаланы оқуға ерінсеңіз, мақала соңына...


  • +2

Bash-ты ойын жазу арқылы үйренеміз. 2048 ойыны

Bash скрипттары Linux жүйесінде көптеген жұмыстарды жеңілдетуі мүмкін. Бірақ bash программалық тіл болмағандықтан (жай командалық қабат) оның көптеген өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан, оны қолданудан алдын жақсылап үйренуге тура келеді. habrahabr сайтында bash-ты үйрену үшін өте көптеген ойындар жазылған ( Шахмат , Quadronix , Xonix , Теңіз соғысы , Sokoban , керек десеңіз 3D шутер ). Бірақ, менің байқағаным, ол жазылғандарды...


  • +2

Stack Overflow статистика: vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды

23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу жүргізіп танымал проблема туралы статистиканы жариялады. Неге редактордан шығу қиын? Негізінен себеп екеу: пайдаланушы Vim редакторына көбінесе байқаусызда кіріп кетеді (консольдан басқа бағдарлама ашуы мүмкін) немесе ол редакторды сирек қолданғаны соншалық әр жолы қалай шығуды...


  • +1

Windows адам емес екенсің

Сәлем қызметтестер. Жақында жұмысқа тұрып, хикикамори атағынан арылдым. Жұмыс қайнап жатыр. Jiraдан көптеген задачаларды алып, көміліп қалдым. Қазір оларды шешудің орнына осында мақала жазып отырмын. Неге екенін қазір айтамын. Басында ноутбукты үйдегілер кредитке алып берген. Ішінде 4-гик АЗУ, 2-гик VIDEO-RAM, 1.7-ghz intel тасы бар. Сатып алынған кезде бастапқы жүйе ретінде ubuntu тұрды. Үйдегілер ол не windows жаза салмайсың ба? деген соң...


  • +1

Қытайлықтар Ubuntu-смартфонын таныстырды

Қытайдың Meizu компаниясы ubuntu жүйесіне негізделге смартфонын таныстырды. Оны қазіргі кездегі ең мықты Ubuntu смартфон десек жаңылыспаймыз. Canonical компаниясымен бірігіп жасалған смартфон Meizu Pro 5 Ubuntu Edition деп аталады. Бұл құрылғы Ubuntu Touch қойылған бесінші смартфон. Осы жылы Ubuntu жүйесінде көптеген телефондар мен планшеттер шығады деп күтіліп жатыр. Meizu Pro 5 Ubuntu Edition смартфоны сегізядролы Samsung...


  • +1

Cron мастер немесе қайталанатын тапсырмаларды жобалау

Cron — linux жүйесіндегі тапсырмаларды жобалау құралы. Егер сізге белгілі бір уақыт сайын (бір сағат сайын, күнара, айдың белгілі бір күнінде және т.с.с.) команда орындау қажет болса, оны cron арқылы істеуге болады. Көпшілік сайты барлар оның php үшін пайдаланылатынын жақсы біледі. Осы мақалада cron баптауларының кейбір пайдаланылу жолдарын қарап көрейік. Негізі cron бұл жобалаушы демон және оның барлық баптаулары crontab файлдарында...


  • +1

Gentoo негізін салушыдан Linux-тың негіздері сабақтары. 2-бөлім (1/5): Регулярлық формулалар

Бұл мақала аударма, түпнұсқасы мына жерде орналасқан. Алғы сөз Осы оқулық жайлы "Әкімшілендіру ежелеріне" қош келіпсіздер. Бұл Linux Professional Institute-дағы 101 емтиханына дайындалуға жазылған төрт нұсқаулықтың екіншісі. Бұл бөлімде біз регулярлық формулаларды пайдалану арқылы файлдан мәтіндерді үлгі бойынша табуды қарастырамыз. Содан соң, сіз «Файлдық жүйе құрылымы стандартымен» (Filesystem Hierarchy...


  • +1

Linux операциялық жүйесімен қаншалықты таныссыз?

Linux — ашық кодты, тегін операциялық жүйе. Көпшілік оны, қиын жүйе, жәй адамдар (IT мамандар емес) күнделікті пайдалана алмайды, пайдалану үшін 100 жыл оқу керек деп ойлайды. Codeo пайдаланушылар арасында линуксойдтар қаншалық көп екенін қарап көретін уақыт келді )). Сауалнама автордың жеке қызығушылығына арналған болып, ешқандай саяси, экономикалық мақсаттарды көздемейді. Егер сіз қалаған вариант жоқ болса, өтінеміз, комментарийде...


  • +1

Gentoo негізін салушыдан Linux-тың негіздері сабақтары. 1-бөлім (4/4): Glob-қойылымдар

Бұл бөлімшеде жолдарды үлгі бойынша қоюға мүмкіндік беретін *, [] және? джокерлері (wild cards) қарастырылады. Сонымен бірге, бірінші бөлім қорытындылады. Бұл мақала аударма, түпнұсқасы мына жерде орналасқан. Джокерлерді қолдану Джокерлермен танысу Linux-ты күнделікті пайдалану кезінде rm командасын файлдық жүйедегі көптеген объектілерге бірден қолдану қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайларда бүкіл...


  • +1