Viber бағдарламасын Ubuntu-ға орнату және баптау

Бұл мақалада мен Viber бағдарламасын орнату және оның белгішесінің Unity Ubuntu трейінде дұрыс көрсетілуі үшін баптауды көрсетемін. Viber ол желідегі кез-келген viber пайдаланушысына хаттар жазу мен видео/дыбыстық қоңырау шалуға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Viber-ді Ubuntu (64 bit) жүйесіне орнату

Ubuntu (64 bit) орнату үшін сайттан deb пакетті мына сілтеме бойынша жүктеп ала аласыз.

Deb пакетті өзіңізз қалаған әдіспен орната аласыз. Мысалыға, мына команданы орындауыңызға болады:
sudo dpkg -i /path/to/deb/package


Viber-ді Ubuntu жүйесінде баптау

Viber-ді орнатқан соң, іске қосыңыз, сонда оның белгішесі жоғарғы сол жақ бұрышта шығып тұрады. Ол басқа бағдарламаларды жабуға жағаласып, viber-дің өзін ашу да ыңғайсыз болып қалады.



Мұны дұрыстау керек. Ол үшін Viber Wrapper Indicator бағдарламасын орнатуымыз керек. Оны орнату үшін келесі командаларды орындаңыз:
sudo add-apt-repository ppa:nilarimogard/webupd8

sudo apt-get update

sudo apt-get install viberwrapper-indicator


Орнатып болған соң Dash-та viber бағдарламасының жаңа белгішесі пайда болады:



Біз сол белгіше арқылы бағдарламаны іске қосуымыз керек, сонда жүйелік трейде ыңғайлы белгіше шығып тұратын болады:



Ал ескі белгішенің Dash-та шықпауы үшін оны жойып тастау керек:
sudo rm /usr/share/applications/viber.desktop


Сонымен бірге, егер жүйе іске қосылғанда Viber дұрыс белгішемен қосылуын қаласаңыз, баптаулардан «System Viber system startup» баптауын алып тастау керек:



Енді даштан «Автоматты түрде іске қосылатын бағдарламар» («Автоматически запускаемые приложения») бағдарламасын тауып, ашамыз:



Имя деген жолаққа кез-келген ыңғайлы ат жазамыз.
Ал Команда жолағына келесі команданы көрсетіңіз:
viberwrapper-indicator


«Добавить» батырмасын басыңыз, енді Viber жүйе іске қосылған кезде қосылатын болады.

Түпнұсқа.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.