Уикипедия қатысушыларының иерархиясы
Интернет пен google бар заманда ақпаратты алу өте жеңіл болып кетті. Бір құбылыс, идея, үрдіс, тұлға және т.б. туралы алғашқы мәлімет алу үшін сұрағымызды іздеу жүйесіне жаза салсақ жеткілікті. Ал іздеу жүйелері бірінші болып аталған Уикипедия мақалаларын шығаруға тырысады. Қазірдің өзінде энциклопедияда 33.5 млн мақала бар. Егер де Британника (Encyclopaedia Britannica) секілді кітап болса, онда Уикипедияның барлық мақалалары 2055 томды құрар еді. Google Now, Siri арқылы сұраныс беріп жатсаңыз да, дауыстап Уикипедия мақаласын оқып береді. Бірақ солай бола тұра энциклопедияның ішкі құрылысына мән бере бермейміз. Осыны түсінбеуден төмендегідей сұрақтар туындайды: Уикипедияға мақала жазғаның үшін ақша аласың ба? Күніне неше сағат жұмыс істейсің? Мені де жұмысқа ала ма? Осы сарындағы сұрақтар жалғаса береді. Бұл Уикипедия идеясы мен құрылымын түсінбеуден пайда болған. Аталған олқылық орнын толтыру үшін, Уикипедия пайдаланушылар иерархиясы туралы жазбаны ұсынамын.
Алдымен түсініп алатын ой – Уикипедия сайт қана емес, ол жұмыс істеу, адамдардың бірігу концепциясы. Осы концепция негізінде бірнеше негізгі идеялар бар. Бүкіл адамзатқа арналған ашық, тегін, кез келген адам үлес қоса алатын, бірлесіп жасалған энциклопедия. Аталған идея артында уикиқауымдастық тұр.
Жоғарыда аталғандай, кез келген адам энциклопедия мазмұнын өзгерте алады. Ол үшін энциклопедия өңдеушілеріне ақша төленбейді. Еріктілік негізінде істелетін әрекет. Әр адам Уикипедияда жұмсайтын уақытын өзі анықтайды. Ол күніне 13 минут, не 8 сағат болуы мүмкін. Басты туындайтын мәселе — адамдардың бірлесіп жұмыс істеуінің ұйымдасуы. Кез келген адамдар жиынтығы тиімді ұйымдасу жолын іздеуді. Бұл мәселені шешу үшін Уикипедия қатысушылары категорияларға бөлінеді:
1. Тіркелмеген қатысушы
2. Тіркелген қатысушы
3. Әкімші
4. Бітікші (бюрократ)
5. Стюарт
Барлық адам Уикипедияға тіркелмей мақалаларды өңдей алу құқығына ие. Қазіргі таңда сайттың айлық (уникалды) аудиториясы – 500 млн адамды құрайды. Ал беттердің қаралуы 18 млрд-қа тең. Тіркелмеген адамның мақала өңдеудегі үлесі оның IP-адресі арқылы көрсетіледі. Бірақ бұл сатыда пайдаланушының өзгерістер еңгізу мүмкіншігі минимумға жақын. Тіркелмеген пайдаланушылар өңдемелері міндетті тексерістен өтеді. Қосымша функциялар мен құқықтарға ие олу үшін тіркелу керек.
Тіркелу функциясы ыңғайлы
Тіркелген қатысушылар белсенді редакторлардың басым бөлігін құрайды. Осы санатта мақаланы толық өңдеу құқықтарына ие боласыз. Барлық уикиқауымдастықты біріктіретін ортақ ережелер бар болғанымен де, Уикипедияның 270 тілдік нұсқасы бар. Соған байланысты әр тілдің өзіндік қауымдастығы құрылған. Осы себепті жекелеген қауымдастықтың да өзіндік ережелері пайда болып отырады. Мысалы, энциклопедияның кейбір тілдік нұсқаларында суретті жүктеу құқығын алу үшін 15-тен көп өңдеме жасау керек. Қазақ тіліндегі Уикипедия бұл жағында әзірге қатал емес. Әзірге қазақша уикипедияда 38 641 қатысушы тіркелген, оның 275-і белсенді редакторлар қатарында. Тіркелген кезде редакторда өзінің жеке, талқылау, зертхана және қосымша беттері пайда болады. Жеке бетте өзіңіз туралы қалаған ақпаратты қалдыруға болады. Талқылау беті сізбен коммуникация орнату үшін керек болса, зертханада тәжірибе жинап, жобаларыңызды іске асыруға арналған сынақ алаң. Сонымен қатар, әкімшілерді сайлауға, тақырыптар бойынша талқылауға қатысуға, басқа да мәселелер бойынша дауыс беру құқығына ие боласыз. Қысқаша айтқанда, осы жердің азаматтығын аласыз.
Қызылмен белгіленген кеңістік, тіркелген адамдарда ғана болады. Қосымша құралдарды сол жерден табуға болады
Уикипедияға еңбек сіңіріп, техникалық мәселелерді де шешкіңіз келсе, әкімші статусын алу қажет. Әкімші (сисопс) істеуге болатын жұмыс спектрі өте ауқымды. Беттерді өңдеуден қорғауға (алып тастау), мақаланы жою (қалпына келтіру), IP-лерді блоктау (блок алу), мақала атын өзгерту, басты бетті өзгерту, өзгерістерді болдырмау, javascript-терді өңдеу, пайдаланушылар талқылауын үйлестіру, конфиктілер бойынша шешім шығару секілді қызметтерді қамтиды. Көріп тұрғандай істеу керек міндеттер өте көп, яғни бір әкімші осының бәрін қамти алмайды. Сол себепті әкімшілер де өзара міндеттерді бөліседі. Әкімшілердің формальді емес бөлінуі: вандализммен күресуші, авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз етуші, жуықтағы өзгерістерді бақылап отырушы, өшіруге ұсынылғандарды жоюшы, арбитраж коммитеті мүшесі, мақалаларды тексеруші. Формальді емес деп аталу себебі – бұл тағайындаулар шартты болады. Мысалы, Қазақ Уикипедиясында жоғарыдағы қызметтерді үйлестіру енді ғана қолға алынып жатыр. Қазіргі уақытта қазақша уикипедияда 11 әкімші бар. Жаңа тіркелген қатысушылармен коммуникация, мақалаларды санаттау, жаңа санаттар қосу, мақалаларды қателерге тексеру, вандализмднің алдын алу, жаңа жазылған мақалаларды тексеру сынды қызметтер қатысушылар арасында бөлінген. Салыстыру үшін, ағылшын уикипедиясында 1382 әкімші бар. Ал, әкімші статусын беру сайлау арқылы жүзеге асырылады.
Әкімшіге кім үміткер бола алады?
Келесі талаптарды қанағаттандырған қатысушы Уикипедияның әкімші дәрежесіне үміткер бола алады:
• Уикипедияның қазақ тілді бөлімінде тіркелген уақыты: кем дегенде 6 ай;
• Өңдеулер саны: кем дегенде 1500;
Әкімшілер мен бітікшілер сайлауында кім дауыс бере алады?
• Уикипедияда тіркелген уақыты: кем дегенде 2 ай
• Өңдеулер саны: кем дегенде 100
• Үміткерлікке (кандидаттыққа) ұсыну сәтінен бұрын соңғы 1 айда бір немесе одан да көп өңдеу жасау керек (үміткерлікке ұсынылған күніндегі және одан кейінгі өңдеулер саналмайды).
Бұл Қазақ Уикипедиясында бар әкімшілердің тізімі. Жасыл түсті — өте белсенді, сары — белсенділігі орташа, қызыл — белсенділігі төмен әкімшілер
Әкімшіден кейінгі статус бітікші деп аталады. Бұл әкімшіде бар барлық құқықтарға ие. Бірақ бітікшіде әкімші статусын беру (алу) құқығы болады. Сонымен қатар жекелеген топтарға арналған бір ортақ аккаунт статусын беру, тіркелген пайдаланушылар атын өтініш бойынша өзгерте алады. MediaWiki-ді өзгертуге мүмкіншілік алады (негізінде бұл құқыққа әкімшілер де ие бола алады). Қазіргі уақытта Қазақ Уикипедиясында 1 бітікші бар.
Бұл бітікшілер тізімі
Бітікшіден жоғары тұрған стюарттар. Олар барлық Уикипедияға ортақ болады. Олар әкімшілер және бітікшілердің барлық құқықтары ие. Сонымен қатар Wiki-қозғалтқышты өзгертуге рұқсаттары бар. Осы уақытқа сәйкес дерек бойынша 36 стюарт бар. Олар бітікшілері, әкімшілері жоқ Уикипедияларда солардың қызметін атқарады. Даулы мәселелерді шешу, бітікші, әкімші құқығынан айыру (беру) сынды әрекеттерді орындайды. Жаңа пайда болған уикибөлімдерге көмек көрсетеді, жергілікті қауымдастықтардың ұсыныстарын халықаралық қауымдастыққа жеткізеді. Сонымен қатар олардың жұмысы Уикимедиа қорының барлық жобаларын қамтиды. Стюартарды сайлауға барлық Уикипедиялар редакторлары қатыса алады.
Стюарттардың тізімі. Өкінішке орай әзірге арамыздан стюарт дәрежесін алғандар жоқ.
Уикипедия құрылымы орталықсызданған, басқару үрдісіне кез келген бесленді редактор қатыса алады. Қазақ Уикипедиясында тіркелген аккаунт арқылы 270 тілдік нұсқаға, сонымен қатар Уикипедиямен тығыз байланысты 11 жобаға қол жеткізе аласыз. Бастысы, барлық адам энциклопедияда өзіне қызықты барлық тақырыпты таба алады. Жалықтырмайтын кез келген жұмысты таңдап алып, іске кіріссе болады.

-
+6
Осындай танымдық жазба жазған авторға алғыс білдіремін. Жазып тұрыңыз!
1) әкімші орнынан алынып тасталуы мүмкін бе және оны кім алып тастай алады?
2) дәл бірінші сұрақ сияқты бітікші де өз атынан қалай айырылуы мүмкін?